Жүйеге кіру
ЕЭК пен ДЗМҰ зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

ЕЭК пен ДЗМҰ зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

07.05.2019
7 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов пен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры Френсис Гарридің Женевадағы (Швейцария) кездесуінде ЕЭК пен ДЗМҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – ұйымдардың зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы өзара іс-қимылын нығайту. Бұдан басқа, ақпарат алмасу мен ұсынымдар әзірлеу шеңберіндегі бірлескен жұмыс және зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды сақтау әрі қорғау мәселелері бойынша дауларды шешу арқылы ДЗМҰ мен ЕЭК арасындағы ынтымақтастық кеңейтілетін болады.

«ДЗМҰ мен ЕЭК-тің ынтымақтастығы уақыты ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың зияткерлік меншік саласындағы қызметі, соның ішінде ДЗМҰ-ның осы бағыттағы сарапшылық қолдауы кезіндегі қызметі айтарлықтай табыстарға жетті,- деп атап өтті Тимур Жақсылықов.- Зияткерлік меншік аясындағы құқықтық реттеу саласында тәжірибе және ақпарат алмасу, сондай-ақ ДЗМҰ мен ЕЭК іс-шараларына өзара қатысу біздің ұйымдарымыздың жан-жақты, өзара тиімді әрі тең құқықтық ынтымақтастығына ықпал ететініне сенімдімін».

«Меморандумға қол қою ДЗМҰ мен ЕЭК арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту үшін берік негізді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге мұндай ынтымақтастықтың мүмкіндігін Еуразиялық кеңістікте зияткерлік меншік құқықтарын дамыту мақсатында кеңейтуге мүмкіндік береді»,- деді Френсис Гарри.

Анықтама

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO, ДЗМҰ) – шығармашылық және зияткерлік меншік мәселелері бойынша БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі функциясын атқаратын халықаралық ұйым.

192 мемлекет ДЗМҰ мүшесі болып табылады, 250-ге жуық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымның, соның ішінде оны 2014 жылы алған Еуразиялық экономикалық комиссияның ұйым жанындағы байқаушы мәртебесі бар.

ДЗМҰ міндеттері – мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығы арқылы бүкіл әлемде зияткерлік меншікті сақтауға жәрдемдесу, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы нақты халықаралық шарттар шеңберінде әкімшілік ынтымақтастықты қамтамасыз ету.