Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекелестікті қорғау мүдделерін қорғайды

ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекелестікті қорғау мүдделерін қорғайды

06.04.2015

3 сәуірде Алматыда (Қазақстан) Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі Алқасының Мүшесі (Министрдің) Нұрлан Алдабергеновтың төрағалығымен мына тақырыптағы отырыс өтті: «Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) трансшекаралық нарықтарында бәсекелестікті қорғау».

Іс-шараға ЕЭО мүше мемлекеттерінің антимонополиялық органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Корея Республикасының мемлекеттік сатып алулар қызметінің, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің, сондай-ақ, Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Отырыстың қатысушылары әділетсіз бәсекелестіктің, бәсекелестікке қарсы келісімдердің, тағамдық өнеркәсіп саласындағы ЕЭО трансшекаралық нарықтарындағы басым жағдайды теріс пайдаланулардың алдын алу және тоқтатудың өзекті мәселелері, сондай-ақ, зияткерлік меншік нысандарына құқықтардың таусылуы принцибінің бәсекелестік күйіне әсері талқыланды.

ЕЭК өкілдері ұлттық антимонополиялық заңнамаларға ішкі нарықты қорғауға, отандық бизнесті қолдауға, бағаларды төмендетуге және бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге бағытталған «Бәсекелестік туралы» үлгі заңының нормаларын ендіруге қатысты өткізілген жұмыс туралы айтып берді. Беларусь Республикасында ұлттық заңнамаға Үлгі заң нормаларының 60%-ы, Қазақстанда 79%-ы, Ресейде 94%-ы ендірілді.

Азық-түлік тауарларының жекелеген нарықтарындағы бәсекелестік жағдайын зерттеулердің алдын ала нәтижелері Қазақстанда, мысалы, қантты өндіруге арналған жеке шикізаттың ағымдағы дефициті 95%-дан көбірек екенін, ал ЕЭО және үшінші елдерден ет және сүт өнімдерін, күнбағыс майын импорттау 45%-дан асатынын көрсетті. Бұл жағдай бәсекелестікке қарсы келісімдерді жасасуға және бәсекелестіктің жалпы ережелерін басқа бұзуларға септесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда Ресейдің Қант өндірушілер одағының басқармасы төрағасының орынбасары Сергей Мироновтың пікірінше, жеке өндірістің дамуына септесетін шараларды қолдану, соның ішінде, баждарды және басқа шараларды енгізу арқылы отандық өндірушілерді қорғау заңды болып табылады.

Талқылаудың қорытындылары бойынша ЕЭО трансшекаралық нарықтарының мониторингін жалғастыру, ЕЭО елдерінің өнімдерінің бәсекелестік артықшылықтарын толық көлемде қолдану, Одақтың мүше мемлекеттерінің отандық өндірушілерін қолдау туралы шешім қабылданды.

Отырыс шеңберінде ЕЭК өкілдерінің Корея Республикасының Мемлекеттік сатып алулар қызметінің жетекшісі Ки Санг-Кюмен кездесуі өтті. Оның барысында тараптар мемлекеттік сатып алуларды және бәсекелестіктің дамуын реттеу тәжірибесімен алмасты. Ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жетті, соның ішінде, Электрондық мемлекеттік сатып алулар саласындағы өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қою арқылы.