Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 34-ші отырысы болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 34-ші отырысы болып өтті

06.12.2012

4 желтоқсан күні ЕЭК Алқасының отырысы барысында сауда-саттық саясаты, энергетика, техникалық реттеу, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар саласындағы мәселелер талқыланды.

Қаралған мәселелердің ең қомақты блогы техникалық реттеуге қарасты болды. Атап айтқанда, ЕЭК Алқасы жекелеген техникалық регламенттердегі техникалық реттеу нысандары болып табылатын жобалау процестеріне қойылатын міндетті талаптар бекітуге қатысты Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында техникалық реттеудің бірыңғай ережелері мен қағидаттары туралы Келісім жобасын мақұлдады. Сонымен қатар, Комиссия Кеңесіне мемлекетаралық құрылыс жүргізу нормаларының тізбесін әзірлеудің және бекітудің тәртібін бекіту туралы өкілеттіктер табыс ету көзделген. Аталған Хаттама жобасы мемлекет ішілік келісуге енгізілетін болады.

Оған қоса, ЕЭК Алқасы аталған Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Кеден одағының «Орауыштың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын мақұлдады, ол атаулы техникалық регламенттің жекелеген ережелерін нақтылауды және де оның пайдалану саласын (өнімдер тізбесі түрінде) нақтылайтын өнімдер тізбесімен техникалық регламенттің толықтырылуын көздейді.

ЕЭК Алқасының бірқатар басқа да шешімдері «Шағын вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс жасауға арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» «Техникалық құралдардың электр магниттік сәйкестігі» сияқты техникалық регламенттерге де сондай өзгерістер енгізу көзделген. Аталған техникалық регламенттер мынадай ережемен толықтырылып отыр: «2013 жылдың 15 қарашасына дейін Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерімен немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген, техникалық регламент күшіне енгенше берілген немесе одан бұрын міндетті түрде сәйкестігін бағалауға (растау) жатқызылмаған өнімдердің жекелеген түрлерін міндетті түрде сәйкестігін бағалау (растау) құжаттарынсыз және ұлттық сәйкестік белгісісіз (нарықтағы айналым белгісісіз) өндіруге және оларды айналымға шығаруға жол беріледі».

ЕЭК Алқасының шешімімен Кеден одағының кеден аумағы мен кеден шекарасында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарлардың Бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістер Бірыңғай тізбедегі ІІ бөлімнің кестелік бөлігіне енгізілді және ауыз суымен және тағамдық өнімдермен байланысқа түсуі үшін өнімдердің тауар позицияларын қолданылатын КО СЭҚ ТН кодтарымен нақтылап отыр. Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерін Комиссия Кеңесінің шешімі жобасындағы осы өзгерістер күшіне енуіне дайындау мақсатында шешім жарияланған сәттен бастап, ол күшіне енгенше 18 айлық шегерім көзделді. Өтпелі кезеңнің болуы өнімдерді импорттаушыларға да, өнімдерді шығарушыларға да Кеден одағының кеден аумағына өнімдердің әкелініп, айналымына қажетті толық көлемдегі рұқсат құжаттарын ресімдеп алу үшін уақыт береді.

ЕЭК Алқасының отырысында сонымен қатар, халықаралық ұсыныстармен және нұсқаулармен үйлестіру мақсатында, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарлардың Бірыңғай ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Бірыңғай ветеринарлық талаптарға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, үшінші бір елдерден Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін бақылауға жатқызылған тауарларға Бірыңғай ветеринарлық сертификаттардың жаңа редакциядағы 7 нысаны бірден бекітілді. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Бірыңғай ветеринарлық сертификаттардың жаңа нысандарына көшуге бейімдеу үшін 3 айға өтпелі кезең көзделіп отыр.