Жүйеге кіру
Зияткерлік меншік бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті

Зияткерлік меншік бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті

06.12.2012

5 желтоқсан күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның жанындағы Зияткерлік меншік бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті. Отырыс Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен өтті.

Комитеттің отырысында Беларусь Республикасының Ғылым және технология бойынша Мемлекеттік комитетінің және Зияткерлік меншік Ұлттық орталығының, Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншік құқықтары бойынша Комитеті, РФ Мәдениет министрлігі, РФ Федералдық кеден қызметі және Экономикалық даму министрлігінің өкілдері қатысты.

Консультативтік комитет «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды үйлестіру туралы» Шарттың жобасын мақұлдауға және оны одан әрі ЕЭК Кеңесі мен Алқасында бекітуге шығаруға шешім қабылдады. Сонымен қатар, авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу үшін авторлық құқық бойынша сараптамалық топ құру туралы шешім қабылданды.

Отырысқа қатысушылар Кеден одағы Алқасының 2010 жылғы 18 маусымдағы «Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының зияткерлік меншік нысандарының бірыңғай кеден тізбесін жүргізу мәселелері бойынша өзара әрекеттесу Регламенті туралы» № 290 шешіміне өзгерістер енгізілуін мақұлдады. Бұл өзгерістер Бірыңғай кеден тізбесін жүргізу бойынша өкілеттіктердің Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына тапсырылуын көздеп отыр.

Комитеттің отырысында сонымен қатар, «Біртұтас экономикалық кеңістіктің тауар белгілері және тауарлар шыққан мекендерінің атаулары туралы» Шартының жобасымен, сондай-ақ «Ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтарды басқарудың бірыңғай тәртібі туралы» Келісімінің жобасымен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы мәселелер қаралды.

Оның үстіне, отырысқа қатысушылар тауар белгісіне айрықша құқықтардың аяқталуы аймақтық қағидатын пайдаланудың құқықтық қолдану тәжірибесін талқылады.