Жүйеге кіру
ЕЭК-тегі семинарда ДСҰ-ның ЕАЭО елдеріндегі сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімін имплементтеу тәсілдемелері талқыланды

ЕЭК-тегі семинарда ДСҰ-ның ЕАЭО елдеріндегі сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімін имплементтеу тәсілдемелері талқыланды

06.11.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) 6 қарашада сауда рәсімдерін оңайлату жөнінде өңірлік семинар өткізді. Семинарға ЕЭК, ЕҚЫҰ, ХСО, ДСҰ және ДКҰ, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің, Түркіменстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның өкілдері қатысты.

«Комиссия ЕАЭО елдерінің ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімін имплементтеу мәселесін зерделеді. Оның ережелері жекелеген мүше мемлекеттер үшін өтпелі кезеңдерді көздейтін Кеден кодексі арқылы Одақтың құқығына барынша инкорпорацияланған. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша келісімді имплементтеу қандай да бір өзге себептер бойынша қиын болған мүше мемлекеттерге практикалық ұсынымдар тұжырымдауды жалғастыру ұсынылды», — деп атап өтті отырыс модераторы — Комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Игорь Назарук.

Өз кезегінде, ЕЭК-тің Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімі Дүниежүзілік кеден ұйымының стандарттарында бұрын жазылып қойылған неғұрлым прогресті және тиімді құралдарды кірістіретінін тиянақтады. «Атап айтқанда, құжат уәкілетті экономикалық оператор институтының, кедендік бақылау мақсаттары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің дамуына, тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімдер қабылдауға, тауарлар шығару мерзімінің қысқаруына және басқаларға серпім береді», — деп атап көрсетті Сергей Владимиров.

Бұл ретте, егер Дүниежүзілік кеден ұйымының стандарттары көбінесе ұсынымдық сипатта болса, Келісім ДСҰ мүшелері үшін міндетті болып табылады.

Сергей Владимировтың сөзінше, бүгінгі таңда Комиссия алаңында Кеден кодексіне өзгерістер енгізу жұмысы жүргізілуде, оның шеңберінде кедендік реттеумен байланысты соңғы үрдістердің бәрін Одақ құқығында бейнелей отырып, озық кедендік технологиялар мен халықаралық стандарттарды сақтау жоспарланып отыр.

ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян ЕАЭО елдері өз қызметінде ДСҰ нормалары мен қағидаттарын басшылыққа алатынын, сондай-ақ Одақтың барлық мемлекетінің Ұйымға қосылуының маңызын танитынын атап көрсетті. ДСҰ міндеттемелерін сақтауды 2011 жылғы 19 мамырдағы көптарапты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт қамтамасыз етеді.

Ваагн Казарян үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеуді қолдану мәселелеріне жан-жақты тоқталды, сондай-ақ ЕЭК-тің COVID-19 пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласындағы жедел шараларына шолуды ұсынды. «Біздің экономикаларымызды қалпына келтіру үшін сынамды импорт тауарлары мен қажетті өнім үшін әкелуді оңайлату және кедендік бажды азайту жөнінде уақытша шаралар енгізу мәселесін талқылау жалғасуда», — деп толықтырды ол.

Ваагн Казарян өткізіліп жатқан семинардың маңыздылығын және ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімін имплементтеу мақсатында қабылданатын қадамдарға Одақ ішінде бірыңғай тәсілдемелер тұжырымдау үшін одан әрі іс-әрекет қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, ЕАЭО-ның әлемде шынайы жұмыс істейтін экономикалық бірлік ретінде қабылдануына сыртқы контурды үндестіру жәрдемдеседі. Сыртқы контур сауда әріптестері үшін бірдейлендірілген әрі дұрыс болжанған болады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Игорь Назарук спикерлерге ризашылық білдіріп, семинарға қатысушыларды сұрақтары мен ұсыныстарын, соның ішінде халықаралық сарапшыларымен одан әрі пысықтау үшін ұйымдастырушыларға беруге шақырды. «Бұл семинарды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімін имплементтеумен байланысты мәселені одан әрі зерделеу және проблемаларды бірлесіп талқылау туралы позицияны қалыптастыру жөніндегі бастапқы нүктесі ретінде бағалаймыз», — деп мәлімдеді ол.

Семинардың таныстырылымы және басқа материалдар ЕЭК сайтындағы «Сауда» бөлімінде орналастырылады.​