Жүйеге кіру
Серік Жумангарин: «ЕЭК-тің басым міндеті - бизнеске Еуразиялық экономикалық одақтың барлық пайдасы мен артықшылықтарын пайдалануға көмектесу»

Серік Жумангарин: «ЕЭК-тің басым міндеті - бизнеске Еуразиялық экономикалық одақтың барлық пайдасы мен артықшылықтарын пайдалануға көмектесу»

06.09.2019

4 және 5 қыркүйекте Ақтөбе және Орал (Қазақстан Республикасы) қалаларында Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жумангариннің басшылығымен ЕЭК делегациясы республиканың бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл іс-шаралар осы жылғы қыркүйекте жоспарланғанның ішінде Комиссияның Монополияға қарсы блогының қоғамдық қабылдау бөлімінің көшпелі отырыстары сериясының алғашқысы болды.

Серік Жумангариннің пікірі бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бизнесіне көмек - Комиссияның артықшылықты бағыттарының бірі, оның орындалуы, ең алдымен өндірушілердің ЕАЭО нарығына шығу кезінде тап болатын тосқауылдарды жою болып табылады. ЕЭК Министрі кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен жұмыстың аса тиімдірек болатынын ерекшелей отырып, кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырды. 

«Бұл жұмыста ақпаратты жеткізуші болатын бизнестің рөлі өте маңызды. Өз тарабымыздан іскерлік қоғамдастықпен тікелей байланыста болғымыз - “бір алаңда” жұмыс істегіміз келеді», – деді Серік Жумангарин.

Бүгінгі таңда Комиссия өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын қосымша талаптарға байланысты болатын кедергілерді, тосқауылдарды және шектеулерді анықтау және жою бойынша белсенді жұмысты жүргізеді.
 

ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, Комиссияның тосқауылдарды жою құралдары бар, 2017 жылы тосқауылдарды жою бойынша “жол картасы” қалыптастырылды. Оны іске асыру бойынша бірізді жұмыс шеңберінде 30-дан астам тосқауыл жойылды, бұл кейбір бағалау бойынша, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің бизнесіне шамамен 70 млн АҚШ долл. шығысты үнемдеу мүмкіндігін береді.