Жүйеге кіру
ЕЭК Сауда бойынша министрі Андрей Слепнёвтің "Российская газета" газетіне берген сұхбаты: "ІЖӨ-нің қоржынында не бар?"

ЕЭК Сауда бойынша министрі Андрей Слепнёвтің "Российская газета" газетіне берген сұхбаты: "ІЖӨ-нің қоржынында не бар?"

06.07.2012

Ресейдің алдында ашылатын болашақтар мен қайшылықтар, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігінің жаңа мүмкіндіктері туралы "РГ" газетіне берген эксклюзивтік сұхбатында Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Сауда бойынша министрі   Андрей Слепнев әңгімелеп берді. 


 

- Ресей тұтынушылар қадағалау басшысы Геннадий Онищенко ДСҰ-ға кірудің алды кезіне байланысты Ресей нарығына төмен сапалы  контрафактілік өнімдер құйылып кетеді деген   қауіп бар деп айтады. Ең алдыменен Қытайдан. Сіз бұны қалай түсіндірер едіңіз?

 

 

- Контрафакті проблемасы, өкінішке орай, бізде жаңа құбылыс емес. біз, мысалы, Черкизовский нарығы қалай жұмыс істегенін жақсы түсінеміз. Кедендік бақылаудың болғаны Ресей-Қазақстан шекарасына зиян келтірмеді.  Бақылау-кедендік қызмет жұмыс ретінде барлық Кеден одағы аумағына өзара іс-қимылдың тиімділігі мен олардың жұмыстарының қиындығы – мәселе болып отыр.

Қазір «үштік» шеңберінде іс жүзінде Одақтың аумағына төмен сапалы және контрафактілік өнімдердің жаппай кіргізілуі қатерлерді азайтатын механизмдер жасалып жатыр. 17 маусымнан автокөліктермен жеткізілетін жүктер туралы алдын ала ақпараттандыру жүйесі енгізілді. 

Импортшылар жоспарланған шекараны кесіп өтер алдында екі сағаттан кейін қалдырмай электрондық түрде кіргізетін тауарлар туралы ақпарат ұсынулары міндетті. Бұл кедендік қызметтерге нақты тауарларды кіргізудің қатерлерін ертерек бағалауға мүмкіндік береді. Бүкіл үш мемлекеттің кедендік қызметтері үшін  алып өтілетін жүктер бойынша біртұтас ақпараттық база құрылатын болады. Осылайша, жақын шетелдік порттардан келетін автокөлік импорты көбірек айқын болатын болады, ал заңға бағынатын импортшылар үшін қысым азаятын болады. 

Егер импортталушы тауарлардың «сапасына» түсінікті және айқын критерийлер болмаса, бақылауды күшейту жеткіліксіз екендігі айқын. Біздің заңнамалардың өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты талаптардың бөлігі халықаралық нормаларға сәйкес келеді, Кеден одағы елдері бірыңғай техникалық регламенттерді жасап шығарып жатыр, олар қазірден өндірістердің көпшілігінде бар.  Сонымен қатар, кедендік бақылау ішкі нарықтағы бақылау қызметтерінің орынын ауыстыруға болмайды, олардың дистрибьюторлар және бөлшектік сауда компанияларымен жұмыстарын тексеруге болмайды.   

 

- Абыржудың керегі жоқ қой?


- Денсаулыққа қауіпті немесе контрафактілік  өнімдерді кіргізудің  аяқасты өсудің нақтылы қауіптері жоқ, Кеден одағының қалыптасуына қатысты, ДСҰ-на қосылуға қатысты қауіптер жоқ. Бұндай қатерлерді басқару - бұл, шын мәнісінде, кедендік және бақылау қызметтерінің күнделікті жұмыстары.

Дегенмен Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылған соң олардың жұмыстарын жаңа стандарттар бойынша жүргізу қажет болады. Егер импорттарды шектеу тақырыбын жалғастыратын болсақ, онда ДСҰ ережесіне сәйкес, кіргізуге тыйым салу объектісін анықтау және мұндай санкциялардың қажеттілігін түбегейлі негіздеп беру керек болады. Айталық, Еуроодақтан еттің барлық түрін шектеуге болмайтын болады. Бұл өнімдердің нақты қай түрлеріне, қай елден келгендерге, қандай кәсіпорыннан шыққандарға таратылатын болатынын нақты көрсету керек, сосын қисындарын дәлелдеп беру керек. 

 

 

- Ал ДСҰ шеңберінде "үштік" елдері қалай қорғана алады – бірлесіп пе әлде жекелей ме?

 

 

- Оларда Кеден одағының ресурстары мен құралдарын пайдаланған сияқты Дүниежүзілік сауда ұйымының ресурстары мен құралдарын да пайдалан отырып, өз мүдделерін қорғап қалу үшін барлық мүмкіндіктер болады. Сонымен қатар қорғаныс шараларын Одақтың барлық аумағына Еуразиялық экономикалық комиссия енгізетін болады. Елдер басқа шараларды өз бетінше қабылдауға мүмкіндігі болады. Бұл ДСҰ-на кіруге байланысты қатерлерді азайтуға мүмкіндік беретін өте оңтайлы ұстаным болады.

Мысалы, Одақтың деңгейінде қолданатын шаралардың қатарынан демпингке қарсы тексерулер және арнайы қорғаныс шараларын енгізулерді атайтын едім. Бұл жекеменшік нарығын қорғаудың әрекет етуші құралы. Бірақта бұрында мұндай тексерулермен әрбір ел өздері айналысты, енді оларды Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізіп отыр,  ал тексеру нәтижелері мен қабылданған қорғаныс шаралары Одақтың барлық аумақтарына ықпал етеді.  

Жақында біз Кеден одағының заңнамалары бойынша бірінші осындай тексерісті аяқтадық. Ол Қытайдың полимерлік прокат өнімдерінің демпингтік импортына қатысты болды, енді ҚХР-дың осындай түрлі өніміне айтарлықтай баж салынатын болды.  Пайда болған сұраныс Одақ елдері өндірісшілерін қанағаттандыратын болады. Ал бұл – әрі жұмыс орынын сақтау, әрі салықтар. 

 

 

- Еуразиялық экономикалық комиссиясының "ішкі өмірі" туралы айтып беріңізші. Бұл «үштіктің» ерекше үкіметі, ұлттықтан жоғары орган ғой. Ал егер елдердің арасында қайшылықтар пайда болса сіз қалай шешім шығарасыз?

 

 

- Алқаға тоғыз адам кіреді, әрбір елден үш үштен. Шешім әшейінде консенсус арқылы қабылданады. Кейбір теориялық мәселелер екі үш дауыспен қабылдануы да мүмкін,  бірақта іс жүзінде мұндай прецедентті жасамауға және шешімді тек қана консенсус арқылы қабылдауға тырысамыз.

Сонымен қатар әрбір алқа мүшесі (министр) елінің мүддесін көрсеткеннен гөрі көбірек өзінің жұмыс бөлігін сөз қылады: өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, қаржылық нарықтар, сауда, және т.б. Менің әріптестерім мәселелерді талқылаған кездерде көбінесе ұлттық ұстанымдар жағынан емес, кәсіби маман ретіндегі белгілерін көрсетеді.  

Әрине, кешенді әрі сезімтал мәселелерді талқылаған кездерде пікірталастардан қалай болсын қашып құтыла алмайсың, бірақта ең керегі, қабылданған шешім өмірге қабілетті және пайдалы болғаны керек.  Біздерде қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беретін жұмыстардың бірнеше форматтары бар. Ең принципті мәселелер - тарифтер, айтарлықтай сезімтал тауарлар мен салалар бойынша баждар - Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесінде талқыланады,  бұл жерде әрбір ел өз ұстанымдарын айтып жеткізе алады, ал Кеңес бұл ұстанымдарды жақындастыруға тырысады. Бұның сәті түспеген кезде, мәселе премьерлердің сотына шығарылады. Егер олар да мәмілеге қол жеткізе алмаса. Әрі қарай шешімдерді табуды іздестіреміз. Сонысымен қорытындысында қабылданған шешімнің терең жетілдірілуі және жоғары сапасы қамтамасыз етіледі,  комиссия шешімі мойындалады және орындалады. 

 

 

- Сарапшылар Кеден одағынан әзірше айтарлықтай пайданы Белоруссия алып отыр дейді. Солай ма?

 

 

- Өткен жылы Беларусь  Ресейлік және Қазақстандық импортта өз үлесін шамамен  15 пайызға көбейтті. Ресейлік бизнес нақты осы Ресей-Қазақстан бағытында айтарлықтай өскенін көрсетті. Стратегиялық сауда қатынастары, сондай-ақ, кеңеюге айтарлықтай екпін алған белсенді шекаралық ынтымақтастықтар есебінен Қазақстан импортындағы Ресейдің үлесі 30 пайызға артты. Қазақстандық сауданы дамуы көбіне  қарапайым. 

 

 

- Беларустан келген тауарлардың мұндай экспортын қалай түсіндіретін едіңіз?

 

 

- Беларустық экспорт диверсификациялаған және көбірек деңгейде Одақ елдерінің нарығына бағытталған. Оларда көбіне маңызды үлесті дайын өнеркәсіптік өнімдер құрайды. Бұдан бөлек, Минск өз тауарларын аса агрессиялы түрде алға жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Беларустың ұлттық валютасының девальвацияға ұшырауы олардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырды және экспорттың өсуіне көмегін берді. 

Бірақта Ресей де Кеден одағы ішінде сауданы дамытуға салиқалы табыстарды көрсетіп отыр. Интеграция арқасында  және нарық біздің тауарлар үшін жалпы алғанда 30 миллион адамға көбейді, сонымен қатар әріптес елдердегі тұтыну құрылымы Ресейліктерге ұқсас. Нарықтың көлемінің көбеюі бізге тағы бір артықшылық береді – ол инвесторлар үшін тіптен тартымды болады. Оның үстіне көбісі  дислокация орыны қылып, осы бірлестіктің ішіндегі аса ірі экономика ретінде Ресейді таңдайды. Ал жалпы, Кеден одағының арқасында көбіне тұрақты базаны бүгінгі күннің және болашақтың дамуы үшін «үштіктің» барлық елі ала алады.

 

 

- Дағдарыстың «екінші толқыны» туралы көп айтылады. Сіздің бірлестікке ол қалай әсер етеді?

 

 

- Әрине, дағдарыс – ол барлығына ықпал ететін жаһандық құбылыс. Бірақ біздің интеграциялық жоба кооперацияны дамытудың, нарықтағы қосымша тұрақтылықтардың арқасында мұндай қорқыныштарды жеңіл бастан кешіруге мүмкіндік беретін сол дәрілердің бірі болады. Сауда үшін Еуропада мүмкіндіктер тарылып келеді, орнына біздің Одақтың ішінде кеңейіп келеді. Үлкен қайықты шайқау қиынырақ. Менің ойымша, дағдарыстың дамуынан сақтану әрі қарай аймақтық интеграцияны тереңдетуге пайда береді. 

 

 

- Кедендік одақ кеңейетін бола ма? Қай елдердің есебінен?

 

 

Біз елдердің экономикасында реттеуші ортаның айтарлықтай айырмашылығы барын түсінуіміз керек. Үйлесімді және өзара тиімді бірлестік Қырғызстаннан белгілі бір қадамдарды талап етеді. Кеден одағы елдерінің экономикасында туындайтын барлық қатерлер қырғыздардың да экономикасында туындайтынын нақтылы түсіну керек. Егер біздің жақын арадағы жоспарларымыз туралы айтар болсақ, онда олар Одақ елдері арасындағы тереңдетілген интеграциялармен қайтсе да байланысты болу керек.

Біртұтас экономикалық кеңістігін дамыту бағыттары біздің келісімдерде бағдарламаларға енгізілген,  көптеген негізгі жағдайлар бойынша нақтылы мерзімдер бекітілген. Басты міндет – 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Еуразиялық экономикалық одағын құру. Біздің жұмыстардың маңызды бөлігі – болашақта бәрін қамтитын келісім-шарт қалыптастыру. Қазір қабылданған шешімдерді жұмыстың практикалық тәжірибелерін есепке ала отырып, талдауымыз керек және олардан Кедендік кодексі сияқты қайшылық тудырмайтын кешенді құжат жасау керек. Осы жылы инфрақұрылымға қол жеткізудің жалпы ережелері бойынша, монополияға қарсы саясат бойынша келісімдер дайындалуы керек. Келесі жылдан бастап, елдердің алдында экономикалық дамулардың тұрақтылығын – бюджеттердің тапшылығы, мемлекеттік қарыз, инфляцияларды анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді келісу жұмыстары тұр.   

 

 

- Беларусь  Ресей сияқты тапшылық пен мемлекеттік қарыз бойынша кедергілерге шыдап бере алмайтыны түсінікті. Ендеше шектеулер қоюдың қандай мәнісі бар?

 

 

- Өмір, әрине, бүкіл құжаттардан әлдеқайда бай. Дегенменен мұндай келісім, бірыңғай шешімдерді қабылдау үшін жұмсақ негіз бола алады деп үміттенемін. Себебі Еуропа сияқты мұндай экономикалық проблемаларға жол бере алмаймыз. Тығыз интеграция, әртүрлі институттардың өзара кірігуінің арқасында бір елдің проблемасы өте тез арада ортақ болып кетеді. 

 

 

- Ал біз бірыңғай валютаға қашан көше аламыз?

 

 

- Грекияның тәжірибесін меңгере отырып,  бірыңғай валютаны енгізу салдарларын талдауға өте мұқият қарауымыз керек. Тәжірибе көрсеткендей, бұл басқаша көрінгенімен аса көп айтарлықтай сезімтал мәселе.

Ресей, Қазақстан, Беларустардың экономикалары – көлемі жағынан ғана емес, құрылымы жағынан да әртүрлі екендігін түсінулеріміз керек. Мысалы, егер мұнай бағасы өсіп келе жатса, онда ол Ресей мен Қазақстан үшін өте жақсы, олардың валюталары қымбаттайды. Бірақта, яғни,  қымбат мұнай шығындардың өсуіне әкелгендіктен және беларустық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетуге әкелгендіктен беларустық рубль ондай кездері арзандауы керек. Қарама-қайшылықтар туындайды: егер біз бірыңғай валюта енгізсек, онда оның курсы біздің елдің экономикаларының шынайы жағдайын қалай көрсете алады?

Интеграцияның бұл бағыттарында шама келгенше сақ қозғалу керек. Мүмкін, басында – ұлттық валютада өзара сауданы кеңейту, курстық саясаттың жақындастыру жүйелерін дамыту керек шығар. Мұндай саясат қандай нәтиже беретінін қарап, сосын барып әрі қарай жылжу керек.


 

Болашақтар 

 

 

- Комиссия Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келіссөздерді бастайды. Бұл режим не береді? Тағы да қандай елдермен мұндай келісімдер болады?

 

 

- Жалпы мұндай режим елдің аумағына бажсыз тауарларды енгізуге мүмкіндік береді және нарыққа қол жеткізу үшін басқа шектеулерді алып тастайды: мысалы, инвестициялар режимі, мемлекеттік сатып алуларға және үкіметтің стратегиялық жобаларына жол ашады. Сәйкесінше, вьетнамдық өндірісшілер үшін Кеден одағы аумағында жұмыстар жеңілдетіледі. Ал Ресейліктер, беларустар, қазақстандықтар үшін – Вьетнамда және жалпы болашақта Азия-Тынық мұхиты аймағына жол ашық. Бизнес үшін бұл жаңа тапсырыстар алуды, жаңа жұмыс орындары ашылғандығын көрсетеді. Тұтынушылар үшін – бағалардың төмендеуі, тауарлар мен қызметтердің үлкен таңдауы. Вьетнаммен біз дайындық жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Мүмкін, АТЭЫ саммитінде қыркүйекте келіссөздердің басталуы туралы жарияланатын болады. 

Сондай-ақ, біз Еуропалық еркін сауда қауымдастығымен осыған ұқсас келісімдердің мүмкіндіктері туралы кеңестер жүргіземіз, мұнда Исландия, Швейцария, Норвегия және Лихтенштейн, Жаңа Зеландия кіреді. Әйтсе де еркін сауда аймағы бойынша келіссөздер туралы ұсыныстармен біздерге 35 ел шықты. Біз Кеден одағы елдері үшін айтарлықтай түсінікті мүдделері бар жаққа шама келгенше тезірек қозғауға тырысатын боламыз. 

 

 

- Сіздің бағалауыңыз бойынша қандай бағыттар басымырақ – шығыс па әлде батыс па?

 

 

- Біз көпвекторлық принциптерін ұстанамыз. Әрине, біз болашақ экономикалық өсудің орталығы қалыптасқан Азиялық аймақтарға көп назар аударамыз. Біздің ойымызша, мүмкіндіктерді пайдалана алмау және осы процеске кірмеу керек, оның үстіне Ресей АТЭЫ-ға еніп отыр. Айтпақшы, Азия аймақтарында көптеген жылдар бойы өзара іс-қимыл еркін сауда аймақтары туралы келісімнің жүйесінде құрылған.  Ал бұл аймақтарға кіру ұқсас байланыстардың болғандығын автоматты түрде қалайды. 

Бірақ бізге ЕО-мен стартегиялық қатынастар өте маңызды. Ақырындап біз еркін сауда аймағы режиміне шығуды мақсат етеміз. Экономикалық себептерден де, басқа да себептерден, ЕО мен Беларусь  арасындағы қатынастарды қосқанда –әзірше бұл тек болашақтың мәселесі екендігі рас. Әйтеуір, жақын қалған бірнеше айлардың ішінде ТМД-ға Еркін сауда аймағы туралы келісім-шарттың ратификациясы аяқталуы керек болады. 

 

​​