Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесінің мүшелері Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының тағы бірнеше позициясын келісті

ЕЭК Кеңесінің мүшелері Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының тағы бірнеше позициясын келісті

06.02.2020

6 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын пысықтау бойынша кеңес өткізді.

Бұдан бұрын Еуразиялық үкіметаралық кеңес Одақ мемлекеттерінің үкіметтеріне ЕЭК-пен бірлесіп құжатты пысықтауды қамтамасыз етуді және оны сәуір айында Үкіметаралық кеңестің қарауына енгізуді тапсырды.

«Келісілмеген шаралар мен механизмдер тізімінде шамамен жүз позиция бар, іс- шаралардың көпшілігі ЕАЭО туралы шарттың және мемлекет басшылары қол қойған Интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияның талаптарына толық сәйкес келеді», – деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович.

 Талқылау барысында тараптар бұрын келісілмеген бірқатар позиция бойынша консенсусқа келді және келесі кеңесті бір аптадан кейін өткізуге уағдаласты.

 «Жұмыс қарқынды бола түсті, тараптар барлық даулы мәселелер бойынша іс жүзінде консенсус табуға қол жеткізуде», – деп атап өтті кеңес қорытындысы бойынша ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасында келешекте ЕАЭО мемлекеттері ынтымақтастығының нормативтік-құқықтық негіздерін қалыптастыруды аяқтауға, Одақтың ұлтүсті және ұлттық институттарының орындаушылық тәртібін арттыруға, мүше мемлекеттердің ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау мен реттеуге арналған тәсілдемелерін үндестіру мен қадамдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шаралар мен механизмдерге жол ашылған.

Құжатты Үкіметаралық кеңес мақұлдаған жағдайда оны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы мамырда болатын отырысында бекіту жоспарланып отыр.​