Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Куба 2020 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын белгіледі

ЕАЭО мен Куба 2020 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын белгіледі

06.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба Республикасы арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ 2020 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев пен Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Херардо Пеньяльвер Портальдің келіссөздерінің түйінді тақырыптары болды.

«ЕЭК делегациясының 2019 жылдың соңында Гаванаға сапары барысында таяу арадағы жұмыс жоспарлары белгіленді және біз оларды практикалық іске асыруды бастайтындығымызға қуаныштымыз, – деп мәлімдеді ЕЭК министрі Сергей Глазьев. – Атап айтқанда, кездесудің күн тәртібін алдын ала келісе отырып, 2020 жылғы маусымның басында ЕЭК пен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен комиссияның екінші отырысын өткізуге қуаныштымыз».

Куба Республикасының Елшісі Херардо Пеньяльвер Порталь Гаванада Кубаның мемлекеттік құрылымдары, ғылыми және іскер қоғамдастықтары үшін ЕАЭО қызметі туралы семинар өткізуді ұсынды. Ол сондай-ақ Куба Республикасының Сауда палатасы мен ЕАЭО Іскерлік кеңесі арасында тікелей диалог орнатуды жақтап, мұның ЕАЭО-ның барлық елінің бизнесін, соның ішінде Куба аумағында инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық процесіне қосуға ықпал ететіні туралы айтты.

Тараптар Кубаның іскер топтары делегациясының Петербург халықаралық экономикалық форумына және 2020 жылы Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысу мүмкіндігін талқылады.​