Жүйеге кіру
Қытай «Еуразия континентінің болат керуенін» құруды ұсынады

Қытай «Еуразия континентінің болат керуенін» құруды ұсынады

05.12.2020
Бірінші Еуразиялық конгресс шеңберінде Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) бірлесіп өткізген «Мемлекеттердің, бизнестің және адамдардың ұштасуы арқылы Үлкен Еуразияға қарай» арнаулы панелінің қатысушылары «Еуразия континентінің болат керуенін» және Үлкен Еуразия бизнесі қауымдастығын құруды ұсынды. Пікірсайыстың модераторы ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев болды.

ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Юй Цзяньхуа пандемияның жайсыз уақытының ерекшеліктерін атап өтті. Бұл ретте Қытай мен ЕАЭО елдері бір біріне медициналық мақсаттағы мматериалдарды өзара жеткізіп беруде, жеткізілімдер тізбегін қамтамасыз етуде, сондай-ақ ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруда. Жаңа 14 жылдық жоспарға сай, Қытай келесі жылдан ашық экономика құрудың жаңа кезеңін бастауға дайын.


ҚХР өкілі ЕАЭО-мен ынтымақтастық бойынша бірнеше бастаманы белгілеп көрсетті. Мәселен, ЕАЭО елдері мен Қытай арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша техникалық-экономикалық негіздемені іске қосу ұсынылады. Мұндай формат барлық тараптың экономикасының дамуы, ырықтандыру, әлемдік сауда мен инвестицияларды нығайту үшін қажет. Экономикалық қызметтің іркіліссіздігін қамтамасыз ету, екіжақты диалогты тереңдету, стандарттардың түйісуін күшейту де маңызды. Бұл үшін, соның ішінде ЕАЭО мен Қытай арасындағы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссия алаңын пайдалану, халықаралық сауда рәсімдерін оңайлату шараларын ендіру, трансшекаралық электрондық коммерцияны дамыту және жеткізілімдердің іркіліссіздігін қамтамасыз ету қажет.

 

Юй Цзяньхуа өзара байланыс деңгейін арттыру қажеттігін де белгілеп көрсетті. Жүктер үшін «жасыл» дәліздер құрылысын ілгерілету, шекара маңындағы порттарда кедендік ресімдеу тиімділігін арттыру, бірлесіп логистика және қойма орталықтарын тұрғызу, жаңа Еуразиялық көпір сияқты экономикалық дәліздер құрылысын жандандыра отырып, «Еуразия континентінің болат керуенін» құру да маңызды болар еді.

 

РӨКО президенті Александр Шохин дағдарыстар кезеңінде бизнес өсу драйверлеріне, тосқауылдардың азаюына ерекше мүдделі болатынын атап өтті. Пандемияның дағдарыстық құбылыстары бұл қажеттілікті тек күшейте түсті. Ал өңірлік келісімдердің рөлі көзге көрінерліктей өсті: мұндай бірлестіктердің қатысушылары пандемиядан аздау зардап шекті. Бұл тұрғыда Үлкен Еуразия жобасына бірыңғай жапсарсыз кеңістік бола алады деп қараған жөн. Бірақ бастаманы іске асыру және бизнесті тарту үшін нақты жобалар қажет. Идеялар алмасу және бизнеспен өзара іс-қимыл үшін Үлкен Еуразия қауымдастығын, тиісті цифрлық платформа құруға болар еді. Сол кезде Үлкен Еуразия әріптестігі бренд қана болып қалмайды. Бизнестің қолданбалы қызығушылығы туатын шынайы мазмұн пайда болады.

 

Ресей Федерациясының ЕО жанындағы Тұрақты өкілі Владимир Чижов әлемдік ойыншылар арасында таяу уақытта фигуралардың жаңа орналастырылуын күтуге болатынын атап өтті. Бұл табиғи процесс және Үлкен Еуразия эволюциясы полюстердің бірі екендігі де табиғи болып табылады. Бұл ретте мұндай әріптестік мақсаттары арасында сауданың артықшылықты режімдерін қалыптастыру, валюта-қаржы қатынастарының жаңа жүйесіне көшу бар және соның салдарынан ұзақ мерзімді өркендеу қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты біржақты қолдампаздық шараларын енгізу, тосқауылдар жасау — өте-мөте теріс нәрсе.

 

Антонио Фаллико атап өткендей, экономикалық макроөңірлердің ішінен басқаларға құрбандыққа әкелетін бәсекелестер ретінде қарау қателік болар еді. Мұндай сауда және тарифтік соғыстармен, санкциялармен және адал емес, нарықтық емес бәсекелестіктің басқа әдістерімен таңдау бүкіл экономикалық жүйені дағдарыстан шығаруды қамтамасыз етпейді және орнықты дамуға әкелмейді. «Кейбіреулердің жетістігі жаңа қақтығыстардың негізін құрай отырып, басқалардың сәтсіздіктеріне әкеледі», — деп атап көрсетті ол. Антонио Фалликоның пікірінше, бұдан да перспективалы тағы бір жол бар, ол — ортақ жауды — санитариялық және экономикалық пандемияны бірге еңсеру үшін макроөңірлер арасындағы жанасу мен ынтымақтастықтың нүктелерін табу болып көрінеді. «Еуроодақ, ЕАЭО және Шығыс Азияның еркін сауда аймағы өз күш-жігерін біріктіруге тиіс» деген сенімде профессор.

 

Үндістанның Ресейдегі Елшісі Д.Б. Венкатеш Варма Үлкен Еуразия тұжырымдамасы жаңа емес және, егер ғасырларға терең үңілсек, бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи байланыс пен дәліздер деп санайды. Сондықтан Үндістан интеграцияға және Еуразиялық әріптестікке деген жолды әрқашан қолдайды, бұл зор әлеуеті бар үлкен жетістіктер үшін тамаша платформа. Мәселен, оның пікірінше, «Үндістан мен ЕАЭО елдері арасындағы келісім айналымды 15 млрд долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді және мұның өзі де шек емес. Бұл бұл үлкен картинаның бір бөлігі. Біз барлық жерден мүмкіндікті көріп отырамыз және әртүрлі ұйымдарға мүше болуға тырысамыз».

 

РФ СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Кирилл Барский өз кезегінде Еуразиялық ынтымақтастық қағидатының, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді мақсат тұтушылықтың өзектілігін атап өтті. Еуразиялық әріптестік бастамасы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпім беруге қабілетті. Әзірге Үлкен Еуразия, әрине, идея ғана, деп атап өтті Барский. Бірақ оны іске асырудың шынайы мәні бар, ол болашақтың әлдебір бейнесін көрсетеді, қазір жұрттың бәрі мұқтаж болып отырған оң күн тәртібін құра алады.

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов бүгінде Орталық Азия — бұл көп жағынан инфрақұрылым деп санайды. Соның ішінде бұл өзара байланыстылық платформасы: көптеген елдердің теңізге шығу жолы жоқ, бірақ BCG есептеулері бойынша бұл сыйымдылығы 100 млн адамнан асатын өте үлкен нарық. Сондықтан өзара байланыстылық пен әртүрлі платформалық шешімдер өте маңызды.

 

Пікірсайысты қорытындылай келіп, ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев бүгінде әлемде дамудың құралдары мен драйверлерінің көп қалмағанын атап өтті: бюджеттік ынталандыру құралдары іс жүзінде сарқылды, монетарлық әдістерді одан әрі қолдану шынайы емес дейтіндей болып көрінеді, ал қазіргі жағдайда сауданың күрт өсуін көру негіздері де көп емес. «Бүгінгі пікірсайыс бұл жаһандық драйвердің тура көз алдымызда тұрғанын көрсетті, ол — біздің орасан зор континентіміз, байланыстылық арқылы, трансъеуразиялық дәліздер, жобалар және цифрландыру мен климат мәселелері саласындағы дамудың ортақ күн тәртібі арқылы ашылуы мүмкін әлеуетіміз», — деп мәлімдеді министр.​