Жүйеге кіру
ЕАЭО-дағы сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу міндетті талаптарға сәйкес келетін қауіпсіз өнімнің Одақ нарығындағы айналысына кепілдік беруге тиіс

ЕАЭО-дағы сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу міндетті талаптарға сәйкес келетін қауіпсіз өнімнің Одақ нарығындағы айналысына кепілдік беруге тиіс

20191129_101856_1.jpg
05.12.2019

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары Басшылары кеңесінің үшінші отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко: «Аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдардың қызметі Одақ кеңістігінде жұмыс істейтін сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың құзыреттілігін қамтамасыз етіп және кепілдік беріп қана қоймай, сол сияқты олардың жұмыс сапасына жедел әсер етуге де тиіс», деп мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Одақта сәйкестікті бағалау саласындағы құжаттарға деген сенім деңгейі төмен болып отыр. Бұл ретте өтініш берушілерге сәйкестікті бағалау туралы негізсіз құжаттарды беретін немесе тіркейтін сәйкестікті бағалау жөніндегі құзыреті жеткіліксіз және алақол органдардың қызметі - сертификаттар, декларациялар, сынақтар хаттамалары - сәйкестікті бағалаудың барлық қажетті рәсімдерінен өтпеген қауіпсіз емес, соның ішінде контрафактілік өнімдерді ЕАЭО нарығына жіберу тәуекелін күрт арттырады.

Аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдардың басшыларының елдерде сәйкестікті бағалау туралы негізсіз құжаттарды беру себептері мен тәуекелдеріне жүргізілген талдауды қорытындылай келе, Виктор Назаренко былай деп атап көрсетті:

«Бірінші кезекте бұл сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды да, сол сияқты аккредиттеу жөніндегі органдарды де өздері беретін құжаттардың объективтілігі мен шынайылығы үшін нақты жауапкершілікке тарту механизмінің болмауына байланысты. Әрине қазіргі Одақ заңнамасының жетілдірілмеуіне, аккредиттеу саласындағы екінші деңгейдегі құжаттардың істеліп болмағанына сүйенім жасауға болар, бірақ бүгінде шын жағдайларда ұлттық заңнама шеңберінде тәртіпке келтірудің тетіктері мен құралдары жеткілікті».

Отырысқа қатысушылар мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының аккредиттеу рәсімдерінің бірдей мәніне қол жеткізу, кейіннен олардың тиімділігін бағалауға шыға отырып, ұлттық аккредиттеу жүйелерінің баламалылығын тану құралы болып табылатын өзара салыстырмалы бағалауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін пысықтап алуға ерекше назар аударды. Комиссия Кеңесінің бірыңғай тәртіпті бекіту жөніндегі тиісті өкілеттіктері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындылары бойынша осы жылғы 1 желтоқсанда қол қойылған Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамада беркітілген.

Салыстырмалы бағалау үшін тәсілдемелерді үндестіру және негіздерін қамтамасыз ету тұрғысында сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу салаларын қалыптастыру мәселелері талқыланды, осыған орай Беларусь тарапынан құрылымның бірыңғай форматына көшу және мәліметтерді көрсету ұсынылды. Комиссия тәуекелді-бағдарлы тәсілдеме негізінде (ISO/IEC 17011:2017, ISO/IEC 17025:2017 стандарттары) сынақ және калибрлеу зертханаларын қоса, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың менеджмент жүйелеріне қойылатын талаптарды ұсынатын стандарттардың жаңа версияларын ендіру бойынша жұмыс семинарлары серияларын өткізу алаңын ұсынды.

Жүзеге асырылатын рәсімдер мен сәйкестікті бағалау туралы берілетін құжаттардың объективтілігі мен анықтығы үшін сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында органдарды Одақтың Бірыңғай тізіліміне кіргізу және одан шығару құралдарын тиімді пайдалану, аккредиттеу аттестаттарының күшін жою және тоқтата тұру, аккредиттеу жөніндегі органдардың өздері аккредиттеген органдардың қызметіне шағымдарды қарау нәтижелері туралы хабардар ету мәселелері талқыланды. Отырысқа қатысушылар сәйкестікті бағалау туралы, соның ішінде Одақтың басқа елдерінде және үшінші елдердің өнімдеріне берілген құжаттарды тоқтата тұру немесе күшін жою, аккредиттеу жөніндегі органдар мен мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары арасындағы өзара іс-қимыл бойынша позицияларымен алмасты.

Бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылданды. ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) мен аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдардың басшылары Басшылар кеңесінің төрағасы - Армения Республикасының аккредиттеу жөніндегі ұлттық органының басшысы Ани Обосянға 2019 жылы Басшылар кеңесінің жұмысына басшылық жасағаны үшін алғыс білдірді. 2020 жылы төрағалық етуді Беларусь Республикасының атынан Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитеті «Беларусь мемлекеттік аккредиттеу орталығы» Республикалық біртұтас кәсіпорнының директоры Татьяна Николаева жүзеге асыратын болады.​