Жүйеге кіру
«Кеден одағы – Еуропа мен Азия арасындағы көпір» - Тимур Сүлейменов

«Кеден одағы – Еуропа мен Азия арасындағы көпір» - Тимур Сүлейменов

05.12.2012
26-28 қараша күндері Бангкок қаласында (Таиланд) «Азиялық тәжірибемен алмаса отырып, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық пен ықпалдастықты нығайту» СПЕКА-2012 экономикалық форумы болып өтті. Форумның жұмысына Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов қатысты.

Форумға СПЕКА қатысушы елдеріндегі мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ БҰҰ АТМЭӘК сарапшылары қатысты.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ АТМЭӘК Атқарушы хатшысы д-р Ноэлин Хейзер мен БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы Свен Алкалай мырза іс-шараның модераторлары болды.

БҰҰ екі комиссиясының қамқорлығымен форумға қатысушылар Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің ықпалдасу тәжірибелерін және 2015 жылдан соң дамудың жаһандық күн тәртібін ілгерілету үшін аймақтық ықпалдастықты мобилизациялау жолдарын талқылады.

«СПЕКА қатысушы елдер азиялық және еуразиялық аймақтық ынтымақтастық ұйымдарында» пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінің барысында Т. Сүлейменов Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясында ықпалдасудың негізгі кезеңдері туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі ерекшеліктер мен оның жұмысының басталуы туралы айтып берді. Кеден одағының СПЕКА қатысушы елдерімен ынтымақтастық перспективалары туралы айта келе, Т. Сүлейменов, «Кеден одағының кеңістігі Еуропа мен Азияның арасындағы табиғи көпір іспеттес әрі оның есігі келіп қосылушыларға ашық» - деді.

БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде болған кезеңі ішінде Т. Сүлейменов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ АТМЭӘК атқарушы хатшысы д-р Ноэлин Хейзермен екіжақты кездесу өткізді, соның барысында Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ АТМЭӘК арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. ЕЭК пен БҰҰ АТМЭӘК арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгендік кездесудің нәтижесі болды.

Сол уағдаластықты іс жүзінде жүзеге асыру мақсатымен 28 қараша күні БҰҰ АТМЭӘК кеңсесінде ЕЭК пен БҰҰ АТМЭӘК сарапшыларының Өзара түсіністік туралы Меморандум жобасын талқылау туралы отырысы болып өтті. Тараптар ынтымақтастықтың басты салаларын анықтап алу үшін қажетті болатын мәліметтермен алмасты және де қысқа мерзім ішінде бұл құжаттың жобасының мәтінін келісу механизмі жайында уағдаласты.

Анықтамалық ақпарат:

Экономиканы дамыту бойынша СПЕКА жобалық жұмыс тобы Орталық Азия экономикалары үшін БҰҰ Арнайы бағдарламасының басқарушы құрылымындағы қосалқы орган болып табылады. Әзірбайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстан бұл бағдарламаға қатысушы елдер болып табылады.

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) мен БҰҰ Азия және Тынық мұхит аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия (БҰҰ АТМЭӘК) Бағдарламаға жан-жақты қолдау көрсетіп отырады.