Жүйеге кіру
ЕЭК Одақ елдерінің былғары-аяқ киім өнеркәсібін қолдайды

ЕЭК Одақ елдерінің былғары-аяқ киім өнеркәсібін қолдайды

05.11.2020
 

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ​Кеңесі химия өнеркәсібінің былғары-аяқ киім өндірісінде өңдеу материалдары ретінде пайдаланылатын бірқатар тауарларына қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын нөлге түсіруге шешім қабылдады. Мұндай бастаманы РФ ұсынды. Үш жыл мерзімге 0% мөлшерінде баж белгіленеді.

Атап айтқанда, сөз бастапқы нысандарындағы эфир спирттері, илеу заттары және полиуретандар туралы болып отыр. Бұдан бұрын ЕЭК Алқасы 22 қыркүйектегі отырысында былғары-аяқ киім өндірісіне арналған бояуларға, лактарға, былғары өңдеу және үстіңгі белсенді заттары үшін дайын су пигменттеріне қатысты баж ставкасын азайтқан еді.

​Шара былғары, былғары-галантерея және аяқ киім өндірушілерді қолдауға бағытталған. Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) қаралып отырған тауарлардың негізгі тұтынушылары Ресей былғарышылар мен аяқ киімшілер одағының мүше ұйымдары, Армения Республикасындағы (мысалы, «Расси» фабрикасы), Беларусь Республикасындағы («Бобруйск былғары комбинаты» ААҚ), Қазақстан Республикасындағы («Алматы былғары зауыты» ЖШС) және Қырғыз Республикасындағы («Ак-Марал» ААҚ) былғары және аяқ киім өндіретін ірі өндірушілер болып табылады. Бұл ретте аталған өнім Одақтың өзінде өндірілмейді.

«ЕАЭО шеңберінде жеңіл өнеркәсіп кооперациялық ынтымақтастықты дамыту үшін басым бағыт болып табылатындығын ескере келгенде, ұсынылып отырған шараның тиімділігі өндірістік қызмет жағдайларын жақсартудан, өндіріс көлемінің және дайын өнімнің бәсекеге қабеліттілігінің артуынан көрінеді», — деп мәлімдеді ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.

ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді​.