Жүйеге кіру
Пұрсатты сауданы дамыту - ЕАЭО елдерінің экономикалық өсу кепілі

Пұрсатты сауданы дамыту - ЕАЭО елдерінің экономикалық өсу кепілі

Фото-1.jpg
05.09.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина «Ресей мен ЕАЭО АТМӨ-де: ықпалдасудың өзекті факторлары және ынтымақтастықтың іскерлік даму келешегі» пікірталасы барысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сауда саясатының өзекті міндеттері және Азия елдерімен ықпалдасуды тереңдету, нарықтарды дамыту жоспарлары, Вьетнаммен сауда келісімін іске асыру нәтижелері туралы әңгімеледі. Іс-шара Шығыс экономикалық форумы - 2019 аясында өтті.

Ірі бизнес өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) басшылары Азия -Тынық мұхиты өңіріндегі (АТМӨ) сауда ағынын әртараптандыру және күшейту жолдары туралы, АТМӨ-нің ықпалдастық күн тәртібіне кірігу мүмкіндіктері мен тәсілдері туралы пікір алмасты.

«Қазіргі жағдайда протекционистік шаралардың белсенді қолданылатынына қарамастан, Одақ сауда реттеушілігінің тұрақсыздығына шалдықпаған, – деп айтты Вероника Никишина. – Біздің әріптестеріміз, АТМӨ елдерімен пұрсаттылық режимдерін құруды жалғастыру - бұл өркендеу және экономикалық өсу кепілі болып табылатынын сіздерге айқын».

ЕЭК министрі сауданың теңдестірілген өсуін қамтамасыз еткен, Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы   атап өтті.

Осылайша, келісім күшіне енгеннен кейін 2017 жылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы бірден 37%-ға өсті, 5,9 млрд долларға жетті. Бұл ретте ЕАЭО елдерінің Вьетнамға экспорты 40% – 2,3 млрд долларға дейін артты, ал Вьетнамнан импорт 35% – 3,7 млрд долларға дейін көтерілді. Бір жыл өткеннен кейін мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы тағы 13% – 6,7 млрд долларға дейін өсті, ЕАЭО елдерінің Вьетнамға экспорты 20% – 2,7 млрд долларға дейін жетті, Одақ мемлекеттерінің Вьетнамнан импорты 9% – 4 млрд долларға дейін артты.

«Осы келісімнің іс-қимыл жасау нәтижесі болып табылатын өте маңызды сәт біздің елдеріміздің, біздің бизнесіміздің менталдылығы айтарлықтай өзгерді. Осы келісімнің арқасында сауда саясатымыздағы келесі серпілісті жасай алдық», – деп ерекшелеп өтті Вероника Никишина.

ЕЭК министрінің айтуы бойынша, 2018 жылы қол қойылған ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бизнеске Одақ елдері мен Қытайдың мүдделерін есепке алатын, ортақ жобаларды іске асыруға көмектеседі. Келесі маңызды кезең Сингапурмен сауда келісімі болады, оған жақын арада қол қойылады.

Сессияға Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрінің орынбасары Чинь Динь Зунг, Ресейдің өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының президенті Александр Шохин, Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының бас хатшысы Шаран Барроу, Ғаламдық энергетикалық бірлестікті дамыту және кооперациясы жөніндегі ұйымның төрағасы Лю Чжэнья және басқалары қатысты.