Жүйеге кіру
ЕЭК кабель өнімі нарығында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тексерушілік жүргізеді

ЕЭК кабель өнімі нарығында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тексерушілік жүргізеді

05.08.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Монополияға қарсы реттеу департаменті Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарттың 76-бабының 2-тармағымен тыйым салынған бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу мүмкіндігінің белгілері бойынша тексерушілікті бастады.

Биылғы көктемде Комиссияға «Режевск кабель зауыты» ЖШҚ-дан (Ресей Федерациясы) «Белкабель» (Беларусь Республикасы) кабель өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығы мүшелерінің әрекетінде жосықсыз бәсекенің болу мүмкіндігінің белгілері туралы арыз түсті.
 
Ұсынылған материалдарға сай, Қауымдастық Режевск зауытының ықтимал сатып алушыларының мекенжайына бұрмаланған мәліметтерді қамтитын ақпараттық хат жіберген. Арыз берушінің пікірінше, бұл хат оның өнімінің сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстырады, зауыттың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді, шарттарды жасасуға және орындауға, іскерлік қатынастарды дамытуға және оның өнімін нарықтық негіздерде ілгерілетуге кедергі жасайды.

Трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің жалпы қағидаларын қалпына келтіру үшін ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаменті Бұзушылықтың белгілерін жою және бәсекелестікті қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстар жобасын әзірледі. Құжат ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы ведомстволарымен келісілді, алайда арыз беруші мен ықтимал жауапкерлер жоба бойынша және жасау талап етілетін әс-әрекеттерді өзара келісуге қол жеткізе алған жоқ.

Тараптар келісуге қол жеткізе алмағандықтан, Комиссия ЕЭК Кеңесі 2012 жылы бекіткен Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы арыздарды қарау тәртібіне сәйкес тексерушілікке кірісті.