Жүйеге кіру
Таңбалау – ЕАЭО-ның ішкі нарығында тауарлар қозғалысы еркіндігін қамтамасыз етудің маңызды құралы

Таңбалау – ЕАЭО-ның ішкі нарығында тауарлар қозғалысы еркіндігін қамтамасыз етудің маңызды құралы

05.08.2019
Сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалаудың енгізілуіне байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарығында саудадағы кедергілерді жою Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Мәскеуде өз алаңында өткізген кәсіпкерлердің кезекті консультацияларының тақырыбы болды.

Іс-шараға Беларусьтан, Қазақстаннан және Ресейден бизнестің 100-ден астам өкілі қатысты.

Цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды ескере отырып және нарықтың барлық адал қатысушыларының пікірлерін есепке ала келіп, тауарлардың жекелеген түрлеріне таңбалау енгізу кезінде жүйелі тәсілдемені қолдану қажеттігіне баса назар аударылды.

Кәсіпкерлер таңбалаудың саудаға кедергі келтірмеуімен бірге, қайта тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етудің маңызды құралы және экономикаға цифрлық технологияларды ендірудің катализаторы болып табылатындығы жөнінде ортақ түсінікке келді.

Іскер қоғамдастықтың өкілдері ЕЭК ұйымдастыратын әртүрлі алаңдарда Комиссиямен бірлесіп тосқауылдарды, алып қоюларды және шектеулерді жоюға әзір екендіктерін білдірді.

Консультациялар қорытындысы бойынша Комиссия одақтық нарықтағы тауарларды таңбалау туралы бизнестің кеңейтілген пікірін алды. Тауарлардың жекелеген санаттарымен сауданы реттеуді жақсарту үшін қосымша талқылау талап етілетін мәселелер айқындалды.