Жүйеге кіру
Құтылар өндірісіндегі алюминий лентаға арналған импорттық баждар ставкасы екі жылға 10%-дан 12%-ға дейін арттырылды

Құтылар өндірісіндегі алюминий лентаға арналған импорттық баждар ставкасы екі жылға 10%-дан 12%-ға дейін арттырылды

IMG_8141.jpg
05.03.2021

Еуразиялық  экономикалық комиссия шешімдер пакетін қабылдау рәсімін аяқтады, соның нәтижесінде сусын құтылары өндірісінде пайдаланылатын алюминий лентаға арналған импорттық баждар ставкасы екі жылға 10%-дан 12%-ға дейін арттырылады.


Комиссия Кеңесі 5 наурызда алюминий құтыны ашу үшін қақпақтар мен бейімді құрылғылар («кілтшелер») жасауда қолданылатын лентаға қатысты баж ставкаларын арттыра отырып, оны ЕАЭО СЭҚ ТН-да ізеуірттеу және дербес кодпен бөліп көрсету жөнінде шешім қабылдады.


Бұған дейін ЕЭК Алқасы да баждарды сол мөлшерінде арттыра отырып,  құтылардың корпустарын әзірлеу үшін пайдаланылатын  алюминий лентасын ЕАЭО СЭҚ ТН-да бөліп көрсетті.


«Шараны енгізу алюминий лентасының ішкі өндірісін дамыту үшін жағдайларды  тұрақтандыруға, дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ шығару көлемін арттыруға бағытталған», – деп хабарлады ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.


Ол қазіргі уақытта Еуразиялық  экономикалық одақ мемлекеттеріндегі алюминий таспасын өндіруші кәсіпорындарда жүктелімнің жетіп-жетпеуі бар  екенін атап өтті. Бұл ретте олардың әлеуетті қуаттары  лентаға деген ішкі сұранысты  толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.