Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО нарықтарында бәсекелестік қағидаларының сақталуын «жұмсақ реттеудің» жаңа механизмін бекітті

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО нарықтарында бәсекелестік қағидаларының сақталуын «жұмсақ реттеудің» жаңа механизмін бекітті

IMG_8011.jpg
05.03.2021

Еуразиялық  экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық нарықтарында  бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына соқтыруы мүмкін  іс-әрекеттердің жасалуына  жол бермеу туралы  алдын ала сақтандыру  шығару тәртібі бекітілді. Құжатты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО туралы шартқа  өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған хаттамаға (қазір Одақ елдері ратификациялау үстінде) сәйкес Комиссияның бәсекелестік блогы әзірледі.


Осыған байланысты ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев: «Комиссия ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық органдарымен бірлесіп одақтық тауар нарықтарында, атап айтқанда, монополияға қарсы реттеу механизмдерін жетілдіру арқылы   бәсекелестікті дамытумен және жақсартумен белсенді жұмыс істейді. Бекітілген Тәртіп алдын ала сақтандыру  шығару жөніндегі рәсімдік  мәселелерді беркітуге, сондай-ақ трансшекаралық нарықтарда   бәсекелестік қағидаларының сақталуын алдын ала бақылаудың тиімді механизмдерінің бірін ЕАЭО құқығына  ендіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.


Егер мұндай мінез-құлық трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса, шаруашылық жүргізуші субъектінің жеке тұлғасы да, лауазымды адамы да трансшекаралық нарықта жоспарланған мінез-құлық туралы жария мәлімдегені үшін алдын ала сақтандыру ала алады. Белгісіз адамдар тобына арналған, соның ішінде конференция барысында жасалған, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе «Интернет» желісінде, жарнамалық кітапшаларда, буклеттерде және басқаларда жарияланған мәлімдемелерді Тәртіп жария сөз сөйлеуге жатқызады.


Практикада бұл механизм мынадай түрде іске асырылатын болады: жария мәлімдеме туралы ақпарат алған Комиссияның бәсекелестік блогы осындай ақпараттың бар болуын тексереді,  жария мәлімдемені бағалайды, алдын ала сақтандыру шығарудың қажеттілігі (қажеттіліктің жоқтығы) туралы қорытындыны және тікелей алдын ала сақтандыру жобасының өзін дайындайды. Қорытынды мен алдын ала сақтандыру жобасын ЕЭК Алқасының бәсекелестік мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі қарайды. Ол алдын ала сақтандыру шығару туралы немесе алдын ала сақтандыру шығарудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ мәселені пысықтау туралы шешім шығаруы мүмкін.


Алдын ала сақтандыру шығару тәртібі  «жұмсақ реттеудің» маңызды механизмі.  Комиссия оның салдарымен жұмыс істеуді емес,  тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және бәсекелестік қағидаларының бұзылуына жол бермеуді мақсат тұтады.


ЕЭК Кеңесі бекіткен Тәртіп ЕАЭО туралы шартқа  өзгерістер енгізу туралы аталған хаттама ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді.​