Жүйеге кіру
ЕЭК металлургиядағы графиттелген электродтарға арналған импорттық баждар ставкасын екі жылға нөлге түсірді

ЕЭК металлургиядағы графиттелген электродтарға арналған импорттық баждар ставкасын екі жылға нөлге түсірді

IMG_8057.jpg
05.03.2021

Еуразиялық  экономикалық комиссия Кеңесі  5 наурыздағы отырысында графиттелген электродтардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу  бажының ставкасын екі жыл мерзімге 0% мөлшерінде  белгілеу туралы шешім қабылдады.


Қарастырылып отырған тауарлар металдарды балқыту үшін доғалы болат балқыту пештерінде қолданылады. Оларды дайындау кезінде шикізат ретінде негізінен үшінші елдерден сатып алынатын инелі кокс пен таскөмірлі пек пайдаланылады.


Еуразиялық  экономикалық одақ аумағында электродтар шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қуаттары мұндай бұйымға деген ішкі қажеттіліктің жартысынан азын ғана қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Сөйтіп,  бажды азайту графиттелген электродтар тапшылығының орнын толтыруға және Одақ аумағында өндірілетін металдардан жасалған, машина жасауда, азаматтық құрылыста және өнеркәсіптің  басқа да салаларында пайдаланылатын  өнімнің өзіндік құнын азайтуға бағытталған», деп атап өтті ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.


Шешім қабылдаудың қажеттілігі, соның ішінде әлемде графиттелген электродтар өндірісінің 30%-ы үлесіне тиетін Қытайдағы экологиялық емес қуаттардың қысқаруына байланысты бағаның өсуіне негізделген.


Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.


Анықтама

Комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 29 шешіміне сәйкес 2019 жылғы 16 мамырдан бастап 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңде де қаралып отырған тауарларға қатысты кедендік құннан   0% мөлшерінде кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылды.