Жүйеге кіру
Руслан Бекетаев ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі болып тағайындалды

Руслан Бекетаев ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі болып тағайындалды

бекетаев РБ.jpg
05.03.2021

Руслан Бекетаев ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі болып тағайындалды

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 5 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа Алқа мүшесі (министр) болып Қазақстан Республикасынан Руслан Бекетаев тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық  экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері  кіреді. 

Руслан Бекетаев Комиссиядағы бұл қызметте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалған  Тимур Жақсылықовты ауыстырды.

ЕЭК-тің жаңа министрінің Қазақстанның  мемлекеттік билік органдарында жинақтаған елеулі басшылық жұмыс тәжірибесі бар. Бұдан бұрын Руслан Бекетаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі  қызметіне  тағайындалу алдында жеті жылға жуық Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып істеді.