Жүйеге кіру
ЕЭК Еуропалық комиссиямен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастайды

ЕЭК Еуропалық комиссиямен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастайды

Фото-1.jpg
05.03.2020

Бұл туралы РФ СӨП (Сауда-өнеркәсіп палатасы) Мəскеуде ұйымдастырған «ЕАЭО - ЕО - 2020 жылға көзқарас» конференциясында ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян мәлімдеді.

«ЕЭК-пен өзара іс-қимыл кезінде ЕАЭО және ЕО бизнес-қауымдастықтары мен компаниялары желісі бойынша диалогты қолдауға баса назар аударатын боламыз. Еуропалық іскер топтардың біздің Одақ арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға деген қызығушылығы барған сайын айқын бола түседі», – деп атап өтті Артак Камалян.

            ЕЭК министрінің пікірінше, мұндай тәсілдеме екі тараптың мүдделеріне толық жауап береді және 2017 жылы Еуропалық және Еуразиялық іскер топтардың бастамасы бойынша қол қойылған Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі бірыңғай экономикалық кеңістік туралы меморандумға сәйкес келеді. «Еуроодаққа бірыңғай Еуразиялық нарық қажет, ал Еуразиялық экономикалық одаққа - Еуропамен өзара іс-қимыл қажет. Экономикалық тұрғыдан келгенде континенттік экономикалық кеңістік идеясы - ақылға қонымды әрі әбден ақталған», – деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

            Іс-шараға Германия-Ресей сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Маттиас Шепп, Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катырин, Schneider Group бас директоры Ульф Шнайдер, ірі Еуропалық бизнес - Bosch, Confindustria, AHLERS, Julius Meinl және т. б. компаниялардың өкілдері қатысты.

            Анықтама

Конференцияның ашылу сәтінде Меморандумға 50-ге жуық ірі қауымдастық пен компания қол қойды, олардың арасында Schneider Group, Bosch, Metro, Rhenus Logistics, Siemens, Knorr - Bremse, OWC, Wilo, Knauf, Allianz, Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасы, Ресей Банктерінің қауымдастығы, «Ростсельмаш», «Газинформсервис» және басқа бірқатар қауымдастықтар мен компаниялар бар.​