Жүйеге кіру
ЕАЭО теңіз порттарында құжаттардың электрондық айналымын іске қосады

ЕАЭО теңіз порттарында құжаттардың электрондық айналымын іске қосады

1.png
05.02.2021

Еуразиялық үкіметаралық кеңес   ЕАЭО мемлекеттеріндегі теңіздегі өткізу  пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту тұжырымдамасын бекітті.

Құжат Еуразиялық «бестік» елдерінде теңіздегі өткізу  пункттеріндегі электрондық құжат айналымының мақсатын, міндеттерін, кезеңдері мен негізгі даму бағыттарын  айқындайды. Ол мүше мемлекеттердің теңіздегі өткізу  пункттеріндегі электрондық құжат айналымын дамыту жөніндегі іс-шаралардың бірінші кезеңдегі 2021–2022 жылдарға арналған  жоспарын кірістіреді.

Теңіз порттары шегінде белгіленген теңіздегі өткізу  пункттеріндегі ақпараттық өзара іс-қимыл аумағында теңіз порттары орналасатын мүше мемлекеттің  «бірыңғай терезе» ұлттық механизмінің маңызды элементі болып табылады.

Теңіздегі өткізу  пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту қағаз жеткізгіштегі құжаттарды пайдаланудан бас тартуға, деректер алмасуға көшуге, жүктерді, жолаушыларды және багажды тасымалдау процесін тездетуге әрі оңайлатуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі  көлік қызметтерін көрсету және теңіз портындағы қызметтер көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Одақта теңіз жағалауының әлемдегі ең ұзын жағалау желісі орналасқан Ресей Федерациясының ашық теңізге шығу жолы бар.  Оның үстіне  Ресей мен Қазақстан Каспий теңізі жағалауына орналасқан. Одақ елдері теміржолмен теңіз порттары бағытында жалпы жүктердің үлкен үлесін, соның ішінде мұнай, мұнай өнімдерін, кен, көмір және астық тасымалдайды; ресейлік кәсіпкерлермен қатар, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының кәсіпкерлері де осы жүктердің иесі болып саналады.​