Нұрлан Күлмесханұлы Байназаров 1978 жылғы 11 тамызда
туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және 2005 жылы
Қаржы полициясы академиясын бітірген.
Еңбек қызметін 2000 жылы Мемлекеттік кірістер
министрлігі Кеден комитетінде бастаған. Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің жетекші инспекторы, бас инспекторы,
бөлім бастығынан Ұйымдастыру және бақылау басқармасы бастығының орынбасарына
дейінгі лауазымдарды атқарды (Астана).
2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы
болды (Мәскеу).
2020 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы
департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.