Жүйеге кіру
Андрей Слепнев: «Біздің экономикадағы трансформациядан тиімді өту жолында біріге алуымыз — Үлкен Еуразия үшін негізгі мәселе»

Андрей Слепнев: «Біздің экономикадағы трансформациядан тиімді өту жолында біріге алуымыз — Үлкен Еуразия үшін негізгі мәселе»

04.12.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 4 желтоқсанда Бірінші Еуразиялық конгресс шеңберінде «Мемлекеттердің, бизнестің және адамдардың ұштасуы арқылы Үлкен Еуразияға қарай» тақырыбына арналған бірлескен панельдік пікірсайыс өткізді. Пікірсайыстың модераторы ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев болды, ол сессияға қатысушыларға кіріспе сөзін арнады.​​

«Біз өте маңызды тарихи сәтте, үлкен трансформация сәтінде тұрмыз. Жарты жыл ішінде біз әртүрлі алаңдарда қалыптаса бастаған экономикалық әлемсипат мәселелерін көп мәрте талқыладық. Бұл ретте осы құрметті форумдар түйіндеген тұжырымдарға қазірдің өзінде сүйенуге болады. Маған жақын ойлардың бірі: пандемияның жарқын құбылыс екендігі, бірақ ол бәрінен бұрын әлдеқашан пісіп-жетілген өзгерістердің катализаторы болғандығы», — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Пікірсайысқа қатысушыларға трансформацияға және оның аспектілеріне дайындықты талқылау ұсынылды. Бұл орайда маңызды тақырыптардың бірі — цифрландыруға, климаттық және «жасыл» технологияларға, жаңа энергетикаға және басқаларға қатысты болатын жаңа технологиялық салтқа көшу болып табылады. Бұл ретте трансформация теңдесі жоқ халықаралық шиеленіске, сын-қатерді бірлесіп еңсеруге мүмкіндік бермей, бір бірінен алыстай түскен елдер мен континенттерге салмағын түсіріп отыр.

«Осымен бір мезгілде біз бүкіл әлемде өңірлендіруге, өңірлік байланыстарды нығайтуға деген сұранысты көріп отырмыз. Көбінесе бұл нашар уақытты бастан кешіріп отырған жаһандану идеясы саласындағы проблемаларды түсінумен байланысты. Залдағы сирек қойылған орындықтан, онлайн-режімнен, кейінге қалдырылған форумдардан бастап, анталаған өндірістік тізбектерге дейін бытыраңқылық өсіп келеді», — деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.

Панельдік пікірсайысқа қатысушыларға ортақ континенттегі елдер арасындағы қатынаста әріптестіктің қажеттігін сезінудің немесе қайшылықтың қайсысы басым екендігін талқылау ұсынылды. Континенттегі әрүрлі елдер мен өңірлерден өкілдік еткен саясатшылар, бизнесмендер мен сарапшылар Үлкен Еуразия идеясы трансформациядан бұдан да тиімді өтуге көмектесудің драйверлерінің бірі бола ала ма, бұл идея іске асыру үшін нақты жобалармен молықтырыла ала ма деген жәйіттерді талқылады.​