Жүйеге кіру
ЕЭК-ның Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменовтің "Российская газетіне" берген сұхбаты: "Төртінші артық болмайды"

ЕЭК-ның Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменовтің "Российская газетіне" берген сұхбаты: "Төртінші артық болмайды"

04.10.2012
Кеден одағына кірудің шынайы дайындығы басталды 
Егер Қырғызстан өкіметі Кеден одағына кіру мәселесі туралы сөзден іске көшетін болса, онда дайындық жұмыстарын 2013 жылдың ортасында аяқтауға болар еді. Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты бойынша алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов осылай есептейді.

 

- ЕЭК не үшін құрылды және немен айналысатынын айтып беріңізші?

- Еуразиялық экономикалық комиссия Беларусь,  Қазақстан және Ресей Федерациясы Президенттерінің шешімімен, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігін бірыңғай және үнемі  әрекет ететін реттеуші орган ретінде құрылды. Бұл тараптардың атқарушы органдарының қызметтерін ұйымдастырушылық-техникалық қосалқы атқарушы хатшылық емес, аппарат емес. Комиссияның негізгі міндеті Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігінің қалыптасу қызметін арттыру және дамыту жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ, интеграцияны әрі қарай  дамыту бойынша ұсыныстарды жетілдіру болып табылады. Басқарудың ұлттықтан жоғары мәртебесіне ие болып отырған ЕЭК-ның, жеке өзіндік өкілеттіктері мен құзыреттері бар, оған сондай-ақ, бұрын жұмыс істеген Кеден одағы комиссиясының  барлық өкілеттіктері берілген. Бұл органға мемлекеттер өз қызмет атқаруларының, мысалы, техникалық регламенттерді қабылдау, кедендік баж құндарын қою, елдер арасында кедендік жинақтарды тарату мәселелері сияқты және т.б. бөлшектерін тапсырды. ЕЭК шешімдері қосымша ел ішілік имплементацияларсыз үш елдің барлығында орындалуы міндетті.  
Комиссия жұмыстарының маңызды бір бөлігі – заң шығарушылық. Бұл үш елдің әрі қарай өзара ықпалдасуды қамтамасыз ететін қосымша шешімдердің, нұсқаулардың, ережелердің, халықаралық келісім-шарттардың дайындалуы. Қатысушы үш елдің заңнамаларын ең жоғары деңгейде үйлестіру осылай қамтамасыз етіледі. Тағы бір маңызды қызмет атқару – интеграция процесінде қол жеткізілген мониторинг. Қол қойылған көпжақты келісім-шарттардың орындалуын бақылау да комиссияның мойнында. ЕЭК – ешбір тарап өздерінің мойнына алынған міндеттемелерді орындаудан бас тартпауды тексеретін өзі бір жағынан күзетші төбет сияқты. 

- Қырғызстанда КО-на кіру туралы бірінші жыл ғана айтылып жатқан жоқ.  Бірақта одаққа өзінің әлсіз экономикасы мен тұрақсыздығы бар ҚР қажет пе?​

- Республикалардың қосылуының әртүрлі аспектілері бар. «Үштік» елдері бұдан ештеңе таппайды және бұл мәселе таза саяси деп айтқан дұрыс болмайды. Қырғызстан – үлкен мемлекет, мұнда бес жарым миллион адам өмір сүреді, ал бұл біріккен нарықтың байсалды бір кеңеюі. Рас, республикада ІЖӨ халықтың жан басына санағанда Ресей, Қазақстан немесе Беларусь сияқты соншалықты көлемді емес. Бірақта ҚР экономикасының көптеген бөлігі көлеңкеде тұр, сондықтан шынайы статистиканың ресмиден айырмашылығы бар. Есептердің сөйлеуіне қарағанда республиканың экономикалық  әлеуеті көбірек.  
Республиканың КО-на қосылудың стратегиялық аспектілері де бар. «Үштік» одақтың шекарасының кеңеюіне байланысты ынтымақтастықтар үшін жаңа бағыттар алады.  Кеден одағына қосылуға сондай-ақ, Тәжікстан да өз тілегін білдіргенін ұмытпауымыз керек. Бірақта ол үшін оған қатысушы елдермен ортақ шекара қажет, қазір онда ол жоқ. Қырғызстанның қосылғаны арқасында бірден Тәжікстан үшін жол ашылады, ол да біріккен сауда үшін тағы бір нарықты ұсынады. 

 

- Сіз республиканың іс жүзіндегі экономикасы көлеңкеде деп атап өттіңіз. Осындай жағдайда Кеден одағы шеңберінде толыққанды ынтымақтастық жасауға мүмкіндік бола ма?

«Үштік» мемлекеттері бұл проблеманы өздері шешті деп айтса, - ендеше өтірік. Қазақстанда да, Ресейде де көлеңкелі экономиканың үлесі айтарлықтай көп. Жағымсыз жағдайлар аз болуы үшін міне нағыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажет. Мысалға, Қазақстан көптеген тауар айналымы бар шекаралық республика ретінде және ҚР-мен шектес шекарасы болғандықтан тауарлардың ағыны оның аумағы арқылы заңды түрде, баждар толық көлемде алынып жүргізілгеніне аса қызығушылық танытады.  Ал егер көршілермен өзара іс-қимылдың ортақ ережелері болмаса, бұған қалай қол жеткізуге болады?
Қырғызстанның КО-на кіруі ол ортақ қатал стандарттар бойынша жұмыс істей бастаған соң елдегі көлеңкелі экономиканың үлесін азайтады. Қырғыз үкіметі мен парламентінің саяси қалауысыз, расында да, ештеңе болмайды, бірақта олардың үстінде халықаралық міндеттемелер үйірілгенде, олар мемлекеттік шекараны Қытайдан келетін контрабандадан, заңсыз көші-қоннан және заңсыз жол жүрулерден сенімді күзетпен қамтамасыз етуге мәжбүр болады. Оның үстіне «үштік» кеденшілерінің өзара қол жетімділік туралы келісімі іске асып отыр, қай елдің болсын қызметкерлері бүкіл КО-ның сыртқы шетелдік күзеттерін бақылауға құқылы. Бұл тепе-теңдік ережелерінің бірі.  Осыған ұқсас талаптар Қырғызстанға да таратылатын болады. 

 

- ҚР енді қашан одақтың теңқұқылы мүшесі бола алады?

- Процесс республика басшылығының жиі ауысқанына қатысты әлі тежеліп жатыр деп ойлаймын. Саяси қалауларды жүзеге асыру керек еді, бірақта жауапты лауазымдардағы адамдар үнемі өзгеріп отырды. Біз қазір нәтижеге бағытталған жаңа қалыптасқан үкіметті көріп отырмыз. Маған екі лауазымды тұлғамен кездесудің сәті түсті - Экономика және монополияға қарсы саясат министрі Темір Сариев және Қаржы министрі Ольга Лаврова. Әңгімеміз айтарлықтай сындарлы болды, интеграцияға қандай ортақ тәсілдеріміз бар екендігі, сонымен бірге кейбір тәжірибелі қадамдар талқыланды. Біз барлық жерде пікірлер мен түсінуді таба білдік. ҚР-ның Кеден одағына қосылу жоспары жасалып қойған, ол таяу уақыттарда бекітілетін болады. Онда кіру жұмысы жүзеге асуы үшін барлығы, республикада, комиссия және КО-на қатысу елдер не істеу керектігі әрбір қадамына дейін жазылып қойған. Жоспар айтарлықтай аса ірі - 2013 жылдың ортасына қарай дайындық тәртіптерін аяқтау қажет. Біз тек отырып жұмыс істейтін, сөзден іске ауысатын кезеңге де келдік. Қырғызстанның бүкіл нормативтік базасын КО келісімдеріне сәйкестендіру қажет, бұл оңай шаруа емес.  

- КО-на кіруде Қырғызстан пұрсаттылықтар  сұрауға ниетті. Оны алу мүмкін бе?

- Әрине, экономика құрылымы, олардың даму деңгейі мен бағытының «үштік» елдерінде де айырмашылығы бар. Бір елге жақсы болған нәрсе, келесі елге жаман болуы мүмкін. Өтпелі кезеңдерді, белгілі пұрсаттылықтарды сұрау – халықаралық келісім-шарттар процесінде орынды тәжірибе. Тараптардың барлық проблемаларды келісіп алуға саяси ақылдары жетерліктей. Бірақта босаңсу нақты мерзім, міндеттемелер және реттеу шараларымен бірге беріледі. Мәселен, ҚР-ға белгілі тауарлар ұстанымы бойынша жеңілдік импорттық баждар берілген жағдайда ондай өнімдер тек ішкі тұтыныс үшін ғана қолданылады деп кепілдік беруі керек болады. Қазақстан  бастапқы бетте бажсыз тауарлардың 432 позициясын алған болатын,  кейіннен тізімді 70-ке дейін қысқартты. Экономика бейімделді, кәсіпорындар қайта бағыт таңдады, сөйтіп пұрсаттылықтардың керегі жоқ бола бастады.

- ЕЭК қызметі аспектілерінің бірі – қаржы нарығын дамыту және кәсіпкерлік. Осы саладағы  Қырғызстанның әлеуеті қалай?

Қай мемлекетте болсын банктер бар, қазіргі күні ҚР-да банк жүйесі айтарлықтай дамыған. КО-на кірісімен республикада қаржы нарығы саласы бірден дами бастайды деп айтуға болмайды. Бірақта егер одақ жалпы елдер үшін экономикалық пайдалы болса, ол қаржы жүйесінде де пайдаға асады. Халықтың хал-ахуалының артуы банктік депозиттер арқылы да көрінеді. Егер көлемді жаңа жобалар ашылып жатса, олар коммерциялық несие беруді талап етеді, бұл экономиканы несиелендіру көлемінде байқалады. Ортақ экономикалық тиімділіктер мемлекеттің қызметінің бүкіл саласын жандандыра түседі. 

- Сіз Бішкекке ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті жанындағы салық қызметі басшыларының XXX мәжілісіне келдіңіз. Қандай проблемалар талқыланды?

- Біз ЕЭК салық саясаты саласы мен әкімшілендіруде не істеп жатқандығын айту үшін келдік. «Үштік» мемлекеттерде комиссияның жетекшілігімен қазыналық қызметтер арасында ынтымақтастықтарды, ақпараттық алмасуларды қамтамасыз ететін және кеңейтетін орган пайда болды. Бұрындары салық мәселелерін тек қана ұлттық органдар реттесе, енді ұлттықтан жоғары ойыншы пайда болды. Заңнамаларда біз Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген әріптестерімізбен бөліскен  көптеген жаңа енгізулер бар. Мәселен, кедендік органдардың қатысуынсыз қосылған бағаға жаңа салық төлеу жүйесі тәжірибеде қазірден-ақ жүзеге асып отыр. Қырғыз салықшыларына бұл қызық болуы мүмкін, таяу арада осы жаңалық ҚР-ның Кеден одағына қосылуы процесінде жүзеге асуы керек болады.  Жұмысқа өз дайындықтарын мүлдем басқа стандарттар мен тізбектер бойынша бағалауға болады. Сөйтіп қызметтерін заңнамалық сияқты құрылымды қайтадан құру.
ЕЭК үш мемлекеттің бір бірден вице-премьері енетін кеңестен, әрбір тараптан үш-үштен министрлер деңгейінде тоғыз мүшеден тұратын алқадан құралады. Соңғылары халықаралық шенеуніктер болып табылады, өз елдерінің үкіметтеріне бағынбайды, тек қана «үштіктің» мүдделері үшін әрекет етеді. Алқада төрағалық ету ротациялық, 4 жылда бір рет ауысып отырады. Бұл міндет бірінші Ресейге бұйырды.