Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменовтің Курсив.kz порталына берген сұхбаты: «Комиссия интеграцияның «күзетші төбеті» болып табылады»

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменовтің Курсив.kz порталына берген сұхбаты: «Комиссия интеграцияның «күзетші төбеті» болып табылады»

04.10.2012
Экономикалық және бюджеттік саясат принциптері туралы, бірыңғай валюталардың жобасына қатысты және Еуразиялық экономикалық комиссиясының «Къ» жұмысы туралы Алқа мүшесі, Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржылық саясат бойынша министрі  Тимур Сүлейменов айтып берді.

– Тимур Мұратұлы, ЕЭК қазір немен айналысып жатыр? Ұйымдастырушылықты қалыптастыру аяқталды ма?

– Өзіңіз білетіндей, Еуразиялық экономикалық комиссия – бұл Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігінің бірыңғай реттеуші ұлттықтан жоғары органы. Біз  «ұлттықтан жоғары орган» туралы айтсақ – бұл өте маңызды. Еуразиялық экономикалық комиссия екі деңгейден тұрады – бұл Кеңес және Алқа. Егер Кеңеске вице-премьер дәрежесінде әрбір елден бір өкіл бойынша кіретін болса – олар ұлттық шенеуніктер және сәйкесінше өз елдерінің мүдделерін ұсынады. Алқа мүшелеріне қатысты айтар болсақ – онда олар ұлттықтан жоғары, халықаралық шенеуніктер болып табылатын 9 министр, олар үш президенттің шешімімен, оның үстіне біріккен шешімдері бойынша тағайындалады және бүтіндей қауымдастықтардың мүдделерінен бөлек әрекет етеді. Олар елдік белгілер емес, қызмет атқаруы бойынша бөлінетіні маңызды. Комиссияның міндеттері мен мақсаттарына қатысты айтар болсақ. Бірінші міндеті елдерге ұлттықтан жоғары деңгейде берілген және әр ел заңдар мен келісімдер күшінде өздері айналыса алмайтын  мемлекеттік биліктің қызметтерін жүзеге асыруға келіп тоқталады. Екінші міндеті – олар Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде қабылдаған міндеттемелерді тараптардың қадағалауы үшін мониторинг пен бақылау. КО мен БЭК шеңберінде тараптар өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындамаған жағдайда комиссия заң бұзушы тарапқа хабарландыру хат жолдайды.  Бұл хабарландыру хаттың орындалуы міндетті. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда комиссия Кеңеске шағымданады. Бұл комиссияның екінші қызмет атқаруы, бұны интеграцияның «күзетші төбеті» болып табылады деп атауға болады. Үшінші қызметі – бұл интеграцияны дамыту, интеграцияны алға жүргізетін, оның салаларын кеңейтетін, қазіргі келісімдерде әрекет етіп отырған ақтаңдақтарды жоятын, сондай-ақ, бүкіл қауымдастықтың бүтіндей мүддесі үшін жұмыс істейтін жаңа халықаралық келісім-шарттар дайындау, Жоғары экономикалық Кеңесінің келісімдері, комиссия шешімдері. Осы арқылы нәтиже мен мүдделер есебіне мақсаттар, соның ішінде  КО мен БЭК одақтарының мүдделері қамтамасыз етіледі.  Сонымен қатар комиссияның екі деңгейлі жүйесі Кеңес деңгейінде, үкімет басшыларының деңгейінде және мемлекет басшыларының деңгейінде өздерінің ұлттық мүдделерін толықтай қорғауға мүмкіндік береді.  Алқа мүшелері мәртебесі жағынан маңызы бірдей  болып табылады, олардың біреуі төраға лауазымына ие болады...
Осыдан шығатыны, тұрақты мекені Мәскеу қаласы болып анықталды, президенттердің шешімімен бірінші төрағасы Виктор Борисович Христенко болатын болды. Құрылымға оралатын болсақ. Комиссия шеңберінде Алқа мүшелеріне бағынатын департаменттер бар.  Олар өз кезегінде оларға сеніп тапсырылған салада комиссияның қызметтерін жүзеге асырады. Сондай-ақ, үш елдің мемлекеттік аппараттары, комиссия және бизнес арасындағы өзара іс-қимыл үшін көпір ретінде консультативтік комитеттері жұмыс жүргізеді.  Олар Еуразиялық комиссиясы туралы келісім-шартта қарастырылған және қатысушы ел ретінде де, сондай-ақ бизнес өкілі ретінде де тыңдау үшін, содан соң сенімді және теңестірілген шешімдерді Алқа шешіміне шығаратын өзі сияқты форумның айтарлықтай тиімді алаңы болып табылады.

 

– Департаменттер мен консультативтік комитеттеріне қызметкерлерді қабылдау қалай және қандай принциптер бойынша жүзеге асырылады?

– Кадрларды қабылдау және қалыптастыруға қатысты айтсақ, онда олар конкурстық негізде іске асады. Бүкіл үш елдің азаматтары өз өтініштерін беруге құқылы…

– Яғни ұлттық квоталар туралы сөз жүрмейді ғой?

– Жоқ. Бірақта ұсынымның өзіндік бір нормативтері бар, бұл бірақ халықаралық ұйымдар түсінігіндегі ұлттық квоталар емес, мұнда осынша болу керек деген, яғни, басшылық құрамда 20% беларустар, 20% қазақстандықтар болу керек деген сияқты шарттар нақты келісіледі. Бірақ белгіленген ұсыным нормалары дегенмен бар. Этика бойынша комиссия бар, оның үстіне бұл Кеңес деңгейіндегі, яғни жоғары дәрежелі орган, бұнда географиялық баланс сақталуын қадағаланып отырады. 

– Қазіргі сәтте нақтысында бұл қандай баланс?

– Шамамен 80% – бұл Ресейліктер. Шамамен дәл осындай мөлшерді Ресейдің экономикалық белсенді халқы құрайтынын ескере келсек, одан басқа оның студенттік ресурстарымен комиссияның Мәскеуді мекендеу фактісі, федералдық органдардың, ғылыми әлеуеттің тұрақтануы, әрине, ықпал етеді.  Бірақта сонымен қатар бізде Беларусь мен Қазақстаннан өте жақсы өкілдер де бар.  

– Бұл жерде қандай мөлшерлестік бар?

– Шамамен әрбір елден 10%-дан болуы мүмкін. Бірақта базалық негіз конкурстық таңдау екенін тағы да атап өткім келеді. Комиссияның ішкі өмірінен тағы бір қызықты мысал – бұл маңызды мәртебе беру, себебі бұдан бөлек, мемлекеттік аппарат өкілдері өздерінің түсінетін жүйесінде үйлестіруді үйреніп қалған, сондықтан мемлекет басшылары Ресей үкіметі аппаратының лауазымдарынан Еуразиялық экономикалық комиссиясының лауазымына сәйкес тізім туралы шешім қабылдады.    

–Неге Ресей?

– Бұл жерде ешқандай екі түрлі мағына жоқ. Жәй ғана, мекендеуші ел ретінде. Егер бұл Қазақстан болса, онда соған сай нұсқа болатын еді. Егер комиссия мүшелері федералдық министрлерге теңестірілсе, онда департамент директорлары – үкімет аппараты директорына, әрі қарай дәрежелеріне қарай жалғаса береді. Менің ойымша бұл не құрылым екендігін түсінгісі келетін, егер ол жұмысқа ауыссам мен салмағымды жоғалтамын ба әлде жоғалтпаймын ба деген жастар, қыз-жігіттер үшін өте қажет. Яғни, бұл өз тарапынан қызмет бабының бағдарын көрсетіп береді. 

– Еңбекақыларының деңгейі ше? Ол да Ресей үкіметінің еңбекақы деңгейіне сәйкестендірілген бе?

– Ия.  

– Қазақстанмен салыстырғанда бұл деңгей қалай байқалады?

– Маған бұл туралы талқылау қиынырақ, себебі сыйақы, басқа төлемдер жүйесінде көптеген ерекшеліктер бар... бірақта жалпы қазақстандық мемлекеттік аппараттың еңбекақы деңгейінің айырмашылығы ресейлік әріптестерден, бұл елдердегі орташа еңбекақылармен салыстырғанда аздап көбірек болуы керек. Егер бізде күнкөрістің ең төмен деңгейі мен орташа еңбекақы 20-25 пайызға төмен болса, шенеуніктердің ақысының ісі де шамамен дәл солай болады. Дегенмен Ресейлік орталық атқарушы органдарында да – шамамен 25-30%-ға көбірек жоғары болады.  Жалпы, Қазақстандық және Ресейлік ақылардың қысқа айырмашылықтары  қандай да бір бірыңғай валютаға: доллар, рубль немесе теңгеге –жоқ. Сәйкесінше, осындай жағдай комиссияда да бар. 

– Комиссияның шенеуніктері аса көп ақша алады деген ел арасында сөз жүріп тұр ғой...

– Білесіз бе, кім бұны мәлімдеді, сол түзу берілмеген мәліметтерге сүйенген. Егер бухгалтериядағы «құр» бағаны алса, онда айырмашылық өте көп болып, бірақ бұл мәселе түзу есептелмеген екендігі түсінікті. Бұл бағаға көптеген әртүрлі төлемдер қосылатынын ұғуымыз керек және шынайы болған жөн: тоқсандық сыйақылар, жылдық, шамамен 13-ші еңбекақы, мерекелік, қорытындысында адам қолына аса көп алады, ал ол туралы неліктен екені белгісіз үндемеуді қалайды. 

– Комиссия шенеуніктерінің жұмыс мерзімі қанша және ротациялау механизмдері қарастырылған ба?

– Алқа мүшелері 4 жылға тағайындалады, мен алдында айтқандай, төраға да дәл солай. Сондықтан 4 жылдан соң қайта тағайындау болады немесе болмайды. Сонымен қатар тағы да бір анықтап айтқым келетіні, Алқа мүшесінің қоржыны ұлттық емес, яғни, ол егер Экономика және қаржы министрі қазір Қазақстандық өкіл болса, ол келесіде де қазақстандық өкілді тағайындайды дегенді білдірмейді. Бұл нақты үміткердің сапасы мен мемлекет басшыларының біріккен шешімдеріне байланысты болады. 

– Еуразиялық экономикалық одағын ұстап тұру туралы қоғамда әртүрлі көптеген қорқыныштар бар...

– Бұл жерде негізгі сөз – экономикалық. Біздің елдің көшбасшыларының қалауы Декларацияда көрсетілген. Бұл 4 еркіндік қамтамасыз етілген экономикалық одақ құру, бірыңғай нарық құрылады, соның ішінде салалық, келісілген экономикалық, сондай-ақ, қаржылық және энергетикалық саясат құрылады.  Сонымен, мүмкін, шамамен Еуразиялық экономикалық одағы шектелетін шығар. Ал әрі қарай болатын қозғалыстарға қатысты айтсақ, атап айтқанда, қаржылық нарықтарды реттеу саласында ұлттықтан жоғары органдар құру үшін, қазір біз тұрған кезеңдерден қаншалықты табысты өтетінімізге, тараптар қаншалықты дайын екендігіне, олар бір бірінің алдында қаншалықты адал, жауапты екендігіне көп байланысты болады.  Егер бұның барлығы дұрыс болса, онда келіссөздер үстелі немесе ұсынымдар үстеліне басқа да бір қандай да қосымша опцияларды қоюға болатын еді. Әзірше біз барымызға сүйеніп жатырмыз. 

– 1 қаңтардан бюджет, мемлекеттік қарыз және инфляция деңгейі тапшылығының шектен асқан мәнісін анықтау бөлігінде Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім күшіне енеді. Оларға салынған параметрлерге шыдауға тараптар қаншалықты дайын екен?

– Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім – бұл базалық келісім, ол осы салада елдердің ынтымақтастығы үшін негізді, базисті қалайды. Ол қарастыратын негізгі нәрселер бұл, бәрінен бұрын, елдермен ұстану – ол сөйтіп Мәскеуде қол қойылған, бұны экономика ахуалының мәскеулік критерийлері деп атайық – ІЖӨ-ге мемлекеттік қарыздың көлемі 50%-дан көп емес, бюджет тапшылығы 3%-дан көп емес және инфляция деңгейі инфляция деңгейі аздаған елге 5 пайыздық тармақтардан жоғары...

– Келісімде бұдан басқа сіздің Министрлік параметрлерін жетілдіруі керек, бұл критерийлер ерекше жағдайларда өзгертілуі мүмкін ереже бар ма? Олар жетілдірілді ме?

– Комиссия жалпы осы берілген бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Макроэкономика саясаты бойынша консультативтік комитеті құрылды, бұған Экономика, қаржы және орталық банк өкілдері енгізілді. Бұл келісімді дамытатын барлық әдістер қазір осы комитеттің шеңберінде белсенді талқыланып жатыр және жетілдірілуде. 

– Қазақстанда қазір квазимемлекеттік  сектордың ішкі қарыздарының проблемалары белсенді түрде талқыланып жатыр. Ол Келісімге енгізілген критерийлермен есептеле ме, әлде, сөз мемлекеттің тек тікелей қарызы туралы ғана ма? Комиссияның бұл проблемасына қандай қадамдар бар?

– Бірінші кезекте, ол мемлекеттің өзінің жауапкершілігі. Бюджеттің әдістемесін, мемлекеттік өзара түйісулерді нақты түрде анықтау қажет. Нені мемлекеттік қарыз деп есептеу керек. Себебі көбінесе мемлекеттік кәсіпорындардың, компаниялардың қарызы Қазақстанда «ТұранӘлем» банкі бойынша үлкен мәселелер болғанына қарамастан, мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген. 2009 жылы қаржылық жүйенің тұрақтылығын сақтау және қорғау мақсатында мемлекет банктерді ұлттандырды. Бірден несие берушілердің мемлекетке талаптары пайда болды, де-факто сияқты мемлекет банктің иесі болып табылады және оның міндеттемелеріне жауап беруі керек. Шындығында барлық халықаралық заңнамалық кеңес берушілер, сарапшылар бұның бұлай болмау керектігін дәлелдеді. Осы немесе басқа корпорацияға мемлекеттің иелік етуі бірден қарыздар мен тікелей мемлекеттік кепілдігі жоқ қарыздарын айтамын, бойынша жауапкершілік алуын ғана көрсетпейді. Жалпы бұл өте нәзік әрі ауыр мәселе. Әрбір елдің әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін. Тағы да қайталаймын, мәселе өте қиын, сондықтан ең алдымен іштен талқылануы керек.  Жалпы мен мемлекеттік компания немесе компанияның қарыздарын мемлекеттің қатысуымен бірден теңестіруге, теңестіру құнын қоюға және айтуға болмайды деп есептеймін, яғни, қандай да бір қиын жағдайлардың түсуі мемлекеттік бюджеттен төлеуге алып келеді – бұл сондай бір мағыналы емес. Сондықтан, осы проблема бойынша барлығын анықтау үшін әдістемешілерге уақыт беру керек сияқты, олар оны консультативтік комитет деңгейінде талқылайды.  

– Ресей үшін, Қазақстан үшін де бюджеттерді қалыптастыру кезін есепке ала отырып, негізгі көрсеткіш мұнайдың бағасы болып табылады,  ал бюджеттік саясат – бұл сіздің жауапкершілігіңіздің аймағы, бюджеттік саясатты үйлестіру жұмысы алға қойылған ба, егер қойылса, ол қандай? Бұл ЕО-тың Маастрихт келісімінің ұқсас түрі бола ала ма? Жалпы бұның қаншалықты қажеттілігі бар? Бұл мәселе мүмкін қазір талқылау деңгейінде болуы да түсінікті, бірақта бұның қандай да бір базалық тәсілі бар ма?

– Комиссияда бюджеттік саясат саласында тікелей құзыреттер қарастырылмағандығы бірден айтамын. Бұл жерде комиссияның қызметтері негізінен ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындауға түйіседі. Менің жеке бақылауыма қатысты айтсақ, менің пікірімше, біздің әзірше валюталық одағымыз жоқ болғандықтан және біз бірдей қантамырлары жүретін жүйе сияқты бірыңғай валютамен бірікпегендіктен, бюджеттік саясатты үйлестіру мәселесі сондай өткір емес деп санаймын. Әрине, мүмкін, үйлестіру керек шығар, бірақ сол Келісімге енгізілген макрореттеу әзірше жеткілікті. Мүмкін, жартыдеңгейге, бір деңгейге аздап тереңдетілмеген шығар. Жалпы бюджеттік саясатты үйлестіру бірыңғай валюта болған кезде керек нәрсе, салықтарды, мемлекеттік қарыздарды, бюджеттің тапшылығын көтеру бойынша барлық әрекеттер бірыңғай ақша, монетарлық жүйеге ықпал ете алады. Сол кезде ол сөзсіз қажетті. Бірақ қазір бізде бір бірімен тек қана тауарлар нарығы байланысты, сондықтан қазір қызмет көрсету, инвестиция, капитал және жұмыс күші нарығы дамып отыр, бұның ЕО-тағы сияқты монеталық сондай маңызы жоқ.  Сондықтан, егер бюджеттік саясаттың қандай да бір тереңдетілген үйлесімі туралы айтсақ – бұл болашақтың мәселесі. Бұл жерде триггер әлде мүмкін тіпті бір мезетте болған оқиға да болуы керек – бұл монеталық одақ,  сөйтіп бюджеттік саясатқа келісілген тәсілдер арқылы қозғалыс та болады. 

–Маастрихтке дейін, яғни, бізге әлі алыс қой?

– Алыс. Әзірше бірыңғай валюта болмағандықтан бұл жерде соншалықты ештеңені қатты реттеудің де керегі жоқ. 

– Сіз ЕЭО-ның ортақ валютасын және бірыңғай эмиссиялық орталығын құру идеясына қалай қарайсыз?

– Бірыңғай валютаға қатысты айтсам. Экономикалық интеграцияның тарихы бізге ортақ валютаны құру үшін ең қажетті факторлар мен шаралар қатары сәйкес келуі керек екендігін жай ғана айтпайды, ал тікелей мәжбүрлейді. Біріншіден, өзара сауда өте маңызды болу керек. Ия, біз қазір оның жылына 30%  қарқынмен өсіп келе жатқанына мақтанамыз.  Бұл өте жақсы. Бірақта дегенмен, егерде абсолюттік сандарға қарасақ, біз бір бірімізбен саудада маңызды емес әріптестерміз, Қазақстан үшін жалпы көлемнен 20%,  Ресей үшін бұл көрсеткіш жалпы шамамен 12-15% құрайды. Ерекшелікті Беларусь құрайды, бірақта оның экономикасының мөлшерімен жалпы, өзара сауда теңдігінде бұл көп емес, маңызды емес мөлшер. Сондықтан әзірше қарқынды өзара сауда жоқ, бұл сауданы ақша тұрғысынан қамтамасыз ететін сұраныс жоқ. Ал егер қызмет көрсету саудасы, өзара тікелей инвестициялардың көлемі туралы айтар болсақ, онда бұл көрсеткіштер өте алыс жерлерде жатыр. Өзара тікелей инвестициялар көлемі жалпы көлемнен 10%-ға аз. Еуроодақ, АҚШ, Қытай – олар біздің елдерге тікелей инвестицияның көлемін алуда басымдыққа ие болады. Бұл да қажетті жағдай... шаруашылық жүргізуші, бизнес субъектілерімен қалыптасқан сұраныс болуы керек. Туындауы  мүмкін проблемаға қатысты айтсақ, бұл – құрылым. Экономиканың ұқсас құрылымы болуы мүмкін, біз алдында айтқан нәрсе болуы үшін, бюджеттік саясат бірдей іс-қимылдар кезінде өздерін ұқсас кейіпте таныта білуі қажет. Егер салық және бюджеттік саясат шеңберінде салықтарды көтерсе немесе төмендетсе, онда оның Беларусь, Қазақстан, Ресейге қалай әсер ететінін түсіну керек. Бұл үшін экономиканы басқару жүйесінің көбірек немесе аздаған сәйкесетін құрылымы керек. Қазір олардың айтарлықтай айырмашылығы бар.  Көбіне шикізат елі – Қазақстан, аздап шикізатты және алға жылжыған ел – Ресей және экспортқа бағытталған, үлкен өнеркәсіптік әлеуеті бар, елдің ІЖӨ-нің негізін құрап тұрған терең жетілдірулерімен бірге көптеген өнімдер үлесі бар ел – Беларусь. Сондықтан, менің ойымша, валюта негізгі мақсат болмау керек, интеграцияны тереңдету үшін керек қандай да бір шара болсын, қандай да бір қадамдар, олар шара болмауы керек – интеграциялануы үшін жай ғана ықпалдасып жатырмыз. Осыдан жаман бола ма, жақсы бола ма – маңызды емес, егер тек жақсы болса – ықпалдасу керек, себебі біз бұны мына жағдайларда жасап жатырмыз: адамдық, ізгілік, әлеуметтік және барлық қалған тұрғыдан, экономикалық тұрғысынан басқа. Біздің елдің басшылары түсінеді, сондықтан интеграцияның бұрынғы кезеңдерінің нақтылы нәтижелері бар кезде және қазірден сұраныс бар кезде, келесі интеграциялық қадамдарда ашылуы қажетті қосымша толықтырылған баға іске асқанда экономикалық тұрғыдан тереңдеу қажет. 

– Егер бірыңғай валюта пайда болған жағдайда ол Ресейлік рубль болады деген көптеген қауесет бар. Сіз бұған қалай қарайсыз?

– Біз толық тепе-теңдік талаптары бойынша ықпалдасып отырмыз, мен бұл жалғыз кілт деп ойлаймын, бұл жерде кімнің экономикасы үлкен, кімнің халқы көп және кімде энергоресурстар көп немесе аз деп айту – бұл дұрыс жол емес, дегенмен, ықпалдасқан кезде бірыңғай егемендігіңді құрбан етесің, өз егемендігіңнің жарты бөлшегін ұлттықтан жоғары деңгейде соған бересің, сен оны олар сенімен бөліскен сияқты серіктестеріңмен бөлісесің. Егемендік – бұл абсолюттік, ол үлкен немесе кішкентай болмайды, сондықтан серіктестеріңмен осы егемендікті бөлісу тек қана тепе-теңдік бастауларда болуы мүмкін. Одақтас ретінде қандай да бір валюта қабылдау, менің ойымша – дұрыс жол емес. Жаңа валюта болуы керек. Валюта – бұл қарулы күштер, ту мен елтаңба, бұл мемлекеттің символы, өз валютасы ретінде жақын достас, ағайындас елдердің валютасын қабылдау,  бұған тек америкалық доллар, франктарды пайдаланатын африкалық одақтас елдері, Латын Америкасының бірқатар елдері ғана келісім береді.  Бұл Қазақстан келісім беретін жағдай емес. 

– Салық саясатын біріздендіру және дайындалған Кедендік тип бойынша Салық кодексін жасау жоспарланып отыр ма?

–Кедендік кодекс, Салық кодексі, кедендік реттеу, кедендік баждар, салықты реттеулер – ұқсастықтары бұл жерде мүлдем орынсыз және дұрыс емес деп ойлаймын. Біз кедендік реттеу және кедендік реттеудің бірыңғай біріздендірілген механизмдерін жасау туралы, бірыңғай кедендік тарифтер туралы айтқанда біз үшінші елдің тауарларына салық салу туралы айтамыз. Бұл біздің үшінші елдерге қатысымыз. Іштей біз бізде ешқандай кедергілер жоқ деп келісіп алдық. Ал үшінші елмен біз былай келістік, сен – 10%, мен – 10% және ол – 10%. Сондықтан, менің ойымша, интеграцияның мынадай деңгейінде  салықты біріздендіру туралы айтудың ешқандай мәнісі жоқ болуы мүмкін. Дегенмен қандай да бір ортақ нормаларды жетілдіру керек аймақтар да бар. Бұл акциздік саясатқа қатысты. Бұл жерде акциз белгілі бір тауарға қосымша салық болғандықтан, ортақ амал болуы керек. Әйтпесе, кедендік бақылау болмаған жағдайда елдерден тауар аздаған акциздермен көршілерге ағылған кезде шарасыздан сұр аймақ пайда болады.  Оның үстіне халықтың сатып алуында айырмашылықтар болғандықтан акциздердің құны бірыңғай болмауы мүмкін, бірақта тәсіл біреу болуы керек. Біз осыған сәйкес ұсыныс дайындап жатырмыз. 

– Қандай тауарлар бойынша?

– Бұл екі тауарлық топтар – алкоголь мен темекі бұйымдары.

– Ресей қазір ДСҰ мүшесі. Қазақстан, осы жылдың желтоқсанында мүше болады деп жоспарланып отыр, ал Беларустың болашақтары іс жүзінде әлі белгісіз. Бұл жағдай келісілген экономикалық саясатқа қалай әсер етеді? 

– Жақсы жағынан әсер етеді. Біздің, әсіресе, үшжақты деңгейде бірдей бар келісімдеріміз бойынша Ресейдің ДСҰ-ға енгенінің арқасында шетелдік әріптестер біздің сол фактілерімізді бағалаулары керек, Қазақстан да, Беларусь да ДСҰ-ға ассоциацияланған мүшелік алды. Себебі бізде ДСҰ-ның нормативтік базасы КО-на қатысушы елдері үшін басымдығы бар келісім бар, егерде КО мен БЭК шеңберінде міндеттемелер ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелермен қарама-қайшылыққа түссе де бұның барлығы орындалады.  

Кедендік құн, сауда және экономикалық нәрселер бойынша барлық осы келісімдер де-факто Қазақстанға ықпал еткен сияқты, 21.09. 2012 жылдан Беларусь та әрекет етеді. Бұл біздің елдер мен әріптестер үшін жақсы. ДСҰ нормативтік базасы мен Кеден одағында қайшылықтар жоқ.  
Екінші кезең – Қазақстан  да еніп және сол мәселелер бойынша міндеттемелер топтамасы пайда болғанда, бірақта бірінші енген Ресейден аздап айырмашылықтар болады – ол аздап қиынырақ болады. Мен келіссөздер процесіне қатыспаймын, себебі, Қазақстан мен Ресей келіссөз жүргізушілері олар ортақ, олар біріне бірі келіседі, олар экономикалық келісімдер бойынша келісулері қажет екендігін түсінемін. Олардың мұндай проблемаларды қалай шешу жөнінде түсініктері бар. 

– Сіздің өкілеттілігіңіз қаржылық нарықта да таратылып жатыр. Оның үстіне Астана да, Мәскеу де халықаралық қаржылық орталығы боламыз деген ниеттерінің бар екендігі туралы мәлімдеді…

– Ұлттық амбициялар да бар. Қаржылық нарықтары – кең ауқымдағы түсініктер. Егер ҚҚН туралы айтсақ, онда айтарлықтай үлкен әрі көлемді өтімді нарықты иелен отырып, Ресей көптеген артықшылықтарды иеленеді. Алматыда бұл әлі аяғына дейін жүзеге асқан жоқ, үлкен мәселелерге байланысты болып отыр.  Қаржы орталығының дамуы – бұл тек инфрақұрылым мен жақсы заңнамалардың дамуы ғана емес, бұл сонымен бірге салық салу, көші-қон мәселелері, шетелдік жұмыс күштерін тарту үшін шешім шығару, абаттандыру,  көліктердің жетімділігі, заң шығару, құқықтық көмек, сот жүйесі мәселелері  – нағыз қаржы орталығын құру үшін шешімді талап ететін мәселелердің орасан зор саны. Комиссия мен келіссөздер шеңберінде 2 қаржылық орталықтарды дамытуға мамандандыруды таңдау немесе тәсілдерді түсінуге қатысты кеңес берулер  әзірше болған жоқ. Себебі, Комиссияда бұл бағыттар енді ғана басталып жатыр, келісім әзірше базалық сипатқа ғана ие болып отыр. 2013 жыл біздің сақтандыру, банктік заңнамаларды үйлестіру үшін керекті амалдарға қол қойылатын келісімдердің жасалуы арқылы әйгілі болмақ, ҚҚН саласындағы заңнамалар  бөлшектеп қол қоюға жіберіледі. 

Үйлестіру 2020 жылға дейін кезеңдер бойынша лицензияларды және басқаларды мойындауды қамтамасыз ете отырып, 3 негізгі қаржылық салада аяқталатын болады. Мәселе ұзақ – әрбір тарап үшін тең дәрежеде сезгіш болып келеді. Сондықтан интеграцияның дәрежесі мен жылдамдығы реттеушілерге, үкіметтерге байланысты болады. Комиссия тек қана ұсыныс жасайды, әйтпесе басқаша өкілеттілігі жоқ. Ең қиын және үлкен бөлігін – банктік ықпалдасу – тараптар, мүмкіндігінше, кейінгіге қалдыратын шығар. Ал ҚҚН – тезірек. Менің ойымша, ең үлкен НҚК-мен біз нақты осы үйлесімді сақтауды қамтамасыз ете аламыз.  Сондықтан бұны бірінші кезеңде істеп, сосын одан да қиынына баруға болады. Егер ҚҚН бастаушы болса, жарамды болатын еді. 
 
Александр Константинов
​​​​​