Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесінің қорытындылары

ЕЭК Кеңесінің қорытындылары

04.09.2020

4 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

ЕЭК Кеңесі Өзбекстанға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы мәселені қарады.

Кеңес мүшелері дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу қағидаларына өзгерістерді бекітті.

2025 жылға дейін ЕАЭО елдерінің GMP ұлттық сертификаттарын өзара тану ұзартылды.

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің жекелеген талаптарын нақтылауға уағдаласты.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасы қаралды.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО мемлекеттерінің  уәкілетті органдары мен ұлттық банктеріне мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін ЕАЭО елдерінің банктері берген банк кепілдіктерін өзара тану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды ұсынған өкім қабылдады.​