Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясы бойынша соңғы келіспеушіліктер Жоғары Кеңес отырысына шығарылады

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясы бойынша соңғы келіспеушіліктер Жоғары Кеңес отырысына шығарылады

04.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 4 қыркүйектегі отырысында  Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасы қаралды.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары құжатты тұтастай мақұлдады және қатысушы елдердің үкіметтеріне оны пысықтауды тапсырды.

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің хабарлауынша,  осы қарсаңда жұмыс тобының отырысында  тараптарда қалған келіспеушіліктер қаралды, нәтижесінде оларды келісуде елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Стратегияның  келісілмеген 36 мәселесінің 11-і бойынша бәтуаластыққа қол жетті.

Стратегиялық бағыттар жалпы (тұжырымдамалық) ережелерден және 11 жүйелі блокқа топтастырылған әрі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияның  ережелерін ашып көрсететін 330 шара мен механизмнен  тұрады.​