Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі Өзбекстанға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы мәселені қарады

ЕЭК Кеңесі Өзбекстанға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы мәселені қарады

04.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 4 қыркүйектегі отырысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Өзбекстанға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы мәселе жөніндегі шешімінің жобасы қаралды. Түпкілікті шешімді Одақ мемлекеттерінің басшылары қабылдайтын болады.

Бұдан бұрын Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Беларусь Республикасының Президенті, ЖЕЭК Төрағасы Александр  Лукашенкоға елге ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы мәселені қарау жөнінде өтініш білдірді.


Өзбекстан соңғы жылдары ЕАЭО елдерімен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. 2016-2019 жылдары Өзбекстанның Одақ мемлекеттерімен жалпы тауар айналымы 60%, 8,4 млрд долларға дейін өсті.  Бүгінгі таңда Өзбекстанның ЕАЭО-мен сыртқа сауда үлесі 30% құрайды, ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 75%-дан асып түседі.

 

Анықтама


ЕАЭО туралы шарттың 109-бабына сәйкес байқаушы мемлекеттің өкілдері шақыру бойынша Одақ органдарының отырыстарына шешім қабылдау құқығынсыз қатыса алады және құпиялы сипаты жоқ құжаттарды ала алады.​