Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО-да тауардың шығарылған елін растау қағидаларын әзірлейді

ЕЭК ЕАЭО-да тауардың шығарылған елін растау қағидаларын әзірлейді

04.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия мемлекеттік сатып алулар  мақсаты үшін Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауардың шығарылған елін растау қағидаларын әзірлейді.Бұл туралы ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 4 қыркүйекте ЕЭК Кеңесінің отырысында хабарлады.

«Біз мемлекеттік сатып алулар  мақсаты үшін тауардың шығарылған елін растау қағидаларын әзірлеуге және Еуразиялық өнеркәсіп өнімі тізілімін жүргізуге айрықша назар аударамыз. Бүгінгі таңда тізбедегі 221 тауар позициясынан 182 позиция келісілді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда»,-деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

Ол өз сөзін тауар өндірісінде ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінде шығарылған жиынтықтаушылар пайдаланылғанда, сондай-ақ белгілі бір технологиялық операциялар олардың аумағында орындалғанда, Комиссия «коперациялық қағидат» деп аталатын қағидатты қолдануды ұсынады деп толықтырды. Бұл Одақ елдері өндірісшілері арасындағы кооперациялық байланыстарды дамытқан болар еді.

Еске сала өтсек, 17 шілдеде Минскіде Үкіметаралық кеңес отырысында Беларусь пен Қазақстанның ресейлік мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігінің шектеулі екендігіне шағымдануына байланысты Комиссияға жыл аяғына дейін тауардың шығарылған елін растау қағидалары мен Еуразиялық өнеркәсіп өнімі тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу тапсырылды.​