Жүйеге кіру
«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент өзгерістер күтуде

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент өзгерістер күтуде

04.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 4 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарын «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке (КО ТР 008/2011) өзгерістермен толықтырды.

 

Техникалық регламенттің жекелеген талаптарын оның қолданылу практикасының нәтижелері бойынша нақтылау ұсынылады. Атап айтқанда, өзгерістер техникалық регламенттің ұғымдық аппаратына, ойыншықтардың жаңа түрлеріне (мысалы, парфюмериялық композицияларды құрастыруға арналған жиынды, химиялық ойыншықтар) қойылатын талаптарға, магниттік ағын көрсеткіштеріне, электрмагниттік өрістің кернеу деңгейіне,  электрстатикалық өрістің кернеу деңгейіне, уыттылық индексіне қатысты болады.​