Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі

IMG_3901.jpg
04.09.2019

4 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

Тараптар кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ағымдағы даму және өзара іс-қимыл жасау мәселесін талқылады.

РФ Үкіметінің Төрағасы Тигран Саркисянның Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы лауазымындағы жұмысын жоғары бағалады. Ол ЕАЭО-ның Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының деңгейіндегі және Еуразиялық үкіметаралық кеңес деңгейіндегі кездесулер шеңберінде жұмыстың жоғары және тиімді ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының басшысы лауазымында осы жұмысты ұйымдастырудағы ерекше рөліңізді атап өткім келеді. Менің ойымша, соңғы жылдары кертартпа мәселелер Үкімет басшылары кеңесінің, әсіресе Мемлекет басшылары кеңесінің қаралуына берілмейтін бірқалыпты, жемісті жұмысқа қолжеткізілді, бірақ сол уақытта шынымен маңызды мәселелер шығарылады, – деді Дмитрий Медведев. – Ең бастысы – біздің елдеріміз үшін, біздің “бестігіміз” үшін өте өзекті күн тәртібін алға шығарасыз. Атап айтқанда, “цифрды”, себебі біздің елдеріміздің қарқындылық дәрежесі әртүрлі, бірақ бұған қарамастан цифрлық экономикаға өтеді, мемлекеттік басқаруда, әлеуметтік қызмет көрсетуде “цифрды” қолданады. Біз бұның барлығын келісіп, барлық тұрғыда бір тілде сөйлейтін режимде атқаруымыз керек».

Тигран Саркисян Дмитрий Медведевке Комиссия жұмысының нәтижелерін оң бағалағаны үшін алғысын білдірді және ЕАЭО органдарының отырыстары шеңберіндегі жүйелі кездесулер Одақ мемлекеттерінің ортақ жаңа сәттілікке қолжеткізе алатын келешегі бар бағыттарын көру мүмкіндігін беретінін атап өтті.

«Премьер-министрлердің жылына төрт рет ықпалдасудың барлық мәселелерін талқылау мүмкіндігінің болуы Алқаға еуразиялық күн тәртібін жылжытуда көмектесетіні сөзсіз. Бұл басқа премьер-министрлер қолдау көрсеткен сіздің бастамаңыз, ол Еуразиялық одақ туралы шартта аталған барлық негізді қалайтын нормаларды іске асыруға көмектескен, өте дана саяси шешім болды. Сіздің жеке қатысуыңыз және жүйелі кездесулер, барлық туындаған мәселелерді шешуде күрделі серпіліс бергені сөзсіз, сондай-ақ бірлесіп жаңа сәттіліктерге қолжеткізе алатын келешегі бар бағыттарды шынайы сезіну, көру мүмкіндігін береді», - деп, ерекшелеп өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.