Жүйеге кіру
РӘБ қорытындылары бойынша ұлттықтан жоғары реттеудің ғылыми негізделуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленді

РӘБ қорытындылары бойынша ұлттықтан жоғары реттеудің ғылыми негізделуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленді

04.09.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) құрылымдық бөлімшелерінің және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің бизнес-қоғамдастығының лауазымдық тұлғалары кіретін, реттеуші әсерін бағалау (РӘБ) жөніндегі жұмыс тобы кедендік реттеу, ветеринариялық шаралар, сондай-ақ дәрілік құралдардың айналысы саласындағы шешімдер жобасын қарастырды.

«Бүгінгі отырыс көрсеткендей, РӘБ рәсімі бизнес үшін белгіленген ауыртпалық қандай жағдайда қосымша ауыртпалықты қажет ететінін, оның ішінде бизнес-ортаның қолайлығы мен қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету арасындағы реттеу теңгерімін қадағалау үшін ғылыми негіздемені және кешенді тәсілдемені талап ететінін айқындау мүмкіндігін береді», - деп, атап өтті ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов.

Отырысқа қатысушылар тауар декларацияларында Ресей Федерациясының ұлттық заңнамасымен таңбалау енгізілген жағдайларда, сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы мәліметтерді көрсету тәртібін көздейтін ЕЭК Алқасының шешім жобасын талқылады. ЕЭК Алқасының бұл шешім жобасын қабылдау Ресейде темекі өнімін таңбалауды енгізуге байланысты қажет болады.

Қорытынды РӘБ нәтижелері бойынша ғылыми негіздемені қамтамасыз ету қажеттілігі және жем қоспаларын реттеудің кешенді сипаты тұрғысынан лизинге қатысты ветеринариялық шаралар тізбесін кеңейту туралы Комиссия Алқасының шешім жобасын қосымша пысықтау қажеттілігі атап өтілді.

Қаралып жатқан жағдайда лизинге қатысты қосымша рұқсат ету рәсімдерін енгізу айқын ветеринариялық-санитариялық талаптардың белгіленуімен сүйемелденбейді. Бұл әкімшілендірудегі қиындықтарға және осы ветеринариялық шаралардың тәжірибеде ерікті қолданылуына әкелуі мүмкін. Көп бөлігі үшінші елдерден жеткізілетін, лизин импортына қатысты қосымша ветеринариялық шаралардың айқын талаптарымен қамтамасыз етілмеген енгізу жағдайында Одақ мемлекеттерінің тұтынушылары - құс шаруашылығы және шошқа шаруашылығы кәсіпорындары үшін лизиннің тапшылығы және қымбаттау қауіптері бар.

Осыған орай ЕЭК алаңында реттеуші әсерді бағалау нәтижелерін есепке ала отырып, лизин импортына қатысты қосымша шаралардың теріс әсерінің қауіптерін талқылау үшін Одақ елдерінің уәкілетті органдарының жиналысын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Жұмыс тобының мүшелері ветеринариялық сертификатта Одақтың кедендік аумағына экспортталатын асыл тұқымды және пайдаланылатын ірі қара малдың губка тәрізді энцефалопатия бойынша ауқатсыз елдердегі жануарлармен генетикалық байланысы жоқтығы туралы мәліметтерді міндетті көрсету талаптарының күшін жоюды көздейтін ЕЭК Алқасының шешім жобасын қолдады.

Сондай-ақ, жұмыс тобы медициналық қолдануға арналған Дәрілік құралдарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізу қажеттігімен келісті. ЕЭК Кеңесінің жасап шығарылған шешім жобасы құқықтық айқынсыздықты жою және бұдан бұрын ұлттық талаптар бойынша тіркелген дәрілік препараттардың тіркеу досьесін Одақ талаптарына сәйкес келтіруге қатысты әртүрлі тәсілдемелерді алып тастау, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып осы рәсімді жүргізу үшін қажетті мәселелерді реттеу мүмкіндігін береді.