Жүйеге кіру
ЕЭК-те дамудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жоспары бойынша бірінші кеңес болып өтті

ЕЭК-те дамудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жоспары бойынша бірінші кеңес болып өтті

04.08.2020
Биылғы мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында тұтастай мақұлданған Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асырудың кешенді жоспарын тұжырымдау бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің төрағалық етуімен сарапшылық кеңестер сериясы бастау алды.

3 тамызда болып өткен бірінші талқылаудың тақырыбы –  Еуразиялық экономикалық одақтағы стратегиялық жоспарлау мен ұзақ мерзімді болжау мәселелері болды. Сарапшылар мен ғылыми қоғамдастық өкілдерінің үлкен тобы қатысқан пікірсайыс барысында Стратегиялық бағыттардың экономикалық дамуға жәрдемдесу механизмдерін қалыптастырумен, экономиканы болжау әдіснамасын жетілдірумен, ЕАЭО-ның ғылыми-техникалық дамуымен, сондай-ақ Одақты экономикалық дамытудың 2035 жылға дейінгі негізгі бағыттарын әзірлеумен байланысты ережелерін іске асырудың тәсілдемелері қаралды.

«Қазіргі жағдаяттың күрделілігі –  әлемдік экономиканы құрылымдық қайта құрумен, технологиялық әрі әлемдік шаруашылық салттарының өзгеруімен байланысты турбуленттікте, онда трендтер көрінбейді, ал бұл болжау үшін дәстүрлі эконометрикалық модельдерді қолдануды қиындатады. Мұндай жағдаятта бізге стратегиялық болжаудың қағидатты жаңа тәсілдемелерін іздеу қажет», деп мәлімдеді ЕЭК министрі Сергей Глазьев.

Отырысқа ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян қатысып, Одақтың болашағы дамуға, ынтымақтастыққа, мүше мемлекеттердің кооперациясына арналған жұмыста екенін атап өтті. Шақырылған сарапшылар ретінде Ресей Ғылым академиясының және Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының өкілдері сөз сөйледі.

Комиссия Стратегиялық бағыттарды толық келісілген бөлімдері бөлігінде іске асыру жоспарын ізеуіртті пысықтауға кірісті.

Өткізілген кеңестердің қорытындылары бойынша ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияда қойылған міндеттерге қол жеткізу шаралары мен механизмдерін қамтитын Стратегиялық бағыттарды іске асыру жөніндегі жоспар-график жасалатын болады.​