Жүйеге кіру
ЕЭК РФ-тің жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормасын азайту туралы ұсынысын пысықтауда

ЕЭК РФ-тің жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормасын азайту туралы ұсынысын пысықтауда

04.03.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы халықаралық электрондық сауда шеңберінде жеке тұлғалар сатып алатын жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелуді реттеу туралы мәселені қарады. Бұдан бұрын Еуразиялық үкіметаралық кеңес Комиссияға Одақ мемлекеттерінің Үкіметтерімен бірлесіп бажсыз әкелу нормаларын кезең-кезеңмен өзгерту, сауда және бейсауда айналымында тауарларды бажсыз әкелу үшін шектерді қадамдастыру, сондай-ақ ЕАЭО Кеден кодексінде электрондық сауданың уәкілетті операторы институтын енгізе отырып, осындай тауарларды кедендік әкімшілендірудің қағидаларын жеке блокқа бөлу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Нурлан Акматовтың айтуынша, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бажсыз әкелу нормасы 500-ден 200 евроға дейін төмендеді. Сонда да, Ресей тарапы шетел мемлекеттерінің аумағында орналасқан интернет-дүкендерге бөлшек саудадан түсетін табыс пен салықтардың ағылуына байланысты мұны одан әрі төмендеуді ұсынды.

Талқылау барысында ЕЭК Алқасының мүшелері жағдаятты ізеуіртті талдау қажеттігі жайында және жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормаларын төмендетудің ықтимал салдары туралы пікір білдірді.

ЕЭК Кеңесінің отырысында осы мәселені пысықтау барысы туралы баяндау жоспарланып отыр.​