Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері жолаушылар көлігі қатынасын қайтадан бастайды

ЕАЭО елдері жолаушылар көлігі қатынасын қайтадан бастайды

150724_016.JPG
04.02.2021

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап Ресей мен Беларусь арасындағы теміржол жолаушылар қатынасы қайта басталады, сондай-ақ Ресейден Арменияға, Беларуське және Қырғызстанға тұрақты авиарейстер саны артады.

Пандемия басталғалы ЕАЭО азаматтары Одақ бойынша еркін жүріп-тұрудың қайта басталуын асыға күтуде. Соның ішінде бұл үшін ЕЭК пен  ЕАЭО бас санитариялық дәрігерлері кеңесі 2020 жылғы мамырдан бері белсенді жұмыс жүргізіп келеді, ол Одақ елдерінің көлікпен жолаушылар тасымалдау кезіндегі шектеулерді босаңсыту жөнінде шешімдер қабылдауы кезінде  ескерілуде.

Бүгіннің  өзінде  Теміржолдағы жолаушылар тасымалы кезінде COVID-19  таралуын болдырмаудың профилактикалық шаралары жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Авиажолаушылар тасымалы кезіндегі профилактикалық шаралар бойынша  да белсенді жұмыс жүргізілуде.

Арменияда, Беларусьте және Ресейде  Еуразиялық даму банкінің «COVID-19-сыз саяхаттаймын» ақпараттық жүйесін ендіру жөніндегі пилоттық жобасы іске асырылуда. Ол да ЕАЭО аумағы бойынша жолаушылардың еркін жүріп-тұруына  ықпал етеді.​