Жүйеге кіру
Қырғыз Республикасы өкілдерінің қатысуымен санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар мәселелері бойынша ЕЭК Сараптамалық жұмыс тобының отырысы болып өтті

Қырғыз Республикасы өкілдерінің қатысуымен санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар мәселелері бойынша ЕЭК Сараптамалық жұмыс тобының отырысы болып өтті

04.02.2013

1 ақпан күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің директоры Олег Арнаутовтың төрағалығымен Қырғыз Республикасы мүдделі өкілдерінің қатысуымен санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар мәселелері бойынша Сараптамалық жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Бұл іс-шара Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуы бойынша БЭК жүргізіп отырған жұмыстың аясында бейнеконференция түрінде болып өтті. Отырысқа ЕЭК Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің қызметкерлері қатысты.

Қырғыз тарапынан бейнеконференцияға Қырғызстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Толо Исаков, сарапшылар мен мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

ЕЭК пен Қырғыз Республикасының өкілдері санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар саласындағы бақылау-қадағалау органдарының құрылымдары және функциялары туралы, олардың зертханалық және ғылыми жағынан қамтылғандығы туралы, өнімдерді, тұлғаларды және көлік құралдарын өткізетін Қырғызстанның кедендік шекарасында орналасқан өткізу бекеттері және олардың материалдық-техникалық жарақталуы туралы мәліметтермен алмасты.

Сараптамалық топ қырғыз Тарапының өкілдерімен бірлесе отырып, Қырғыз Республикасының заңнамасына және оның санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар саласындағы халықаралық шарттарына олардың Кеден одағының келісім-құқықтық сәйкестік нысанасына жасалған талдау нәтижесінде туындаған мәселелерге баса назар аударды.

Тараптардың сарапшылары Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуы аясында алдағы өзара ықпалдасудың жобасын талқылады. Тараптар санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар саласындағы қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ бұл елдің Кеден одағына қосылуы бойынша «жол картасын» бірлесіп дайындалуын түбегейлі зерделеп шығу мақсатымен ЕЭК өкілдерінің Қырғызстанға баруы қажет деп тапты.

Қорытындылай келе, Тараптар тағы бір мәрте сындарлы диалогқа және пайдалы өзара ынтымақтастыққа даяр екендігін атап айтты.