Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия мен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің техникалық консультациялары болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия мен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің техникалық консультациялары болып өтті

03.12.2012

29-30 қараша күндері Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің техникалық консультациялары болып өтті. ЕЭК делегациясын Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаменті директорының орынбасары Владимир Субботин басқарды. АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясын АҚШ Шетелдік ауыл шаруашылық қызметі басшылығының өкілі Роберт Маки басқарды.

Консультациялар барысында Владимир Субботин мен келіссөздерге қатысқан Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау органы басшысының орынбасары Евгений Непоклонов АҚШ-та көп таралған мынадай тәжірибеге маңызды алаңдаушылықтарын айтып жеткізді. Американдық кәсіпорындар ішек-қарын шикізаттарын қайта өңдеу үшін үшінші елдерге, соның ішінде Қытайға да жіберіп, қайтадан кері экспорттап алып, елдің ішінде айналымға жібереді немесе шет елдерге, соның ішінде Ресей нарығына және де Кеден одағының (КО) басқа да елдеріне экспорттайды. Сонда, әкелінетін тауарлар американдық текті, КО әкеліну үшін аттестацияланған кәсіпорындарда жасалған деп, қауіпсіздігін куәландырып, АҚШ ветеринарлық қызметінің берген ветеринарлық сертификатымен расталады. Сертификатта шикізаттың үшінші бір елдегі КО аумағына әкелуге құқығы жоқ кәсіпорында өңделгендігі жағдайлары жазылмайды. Сөйтіп, Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің аумағына әкелуге жатпайтын өнімдер жүйелі түрде сертификатталып отырған.

Әсіресе, АҚШ аумағында малдың өсімі үшін стимулятор болып табылатын рактопаминнің кеңінен қолданылуы маңызды алаңдатып отыр. ЕЭК Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің өкілдері Кеден одағының аумағына жіберіліп тұратын шошқа еттерінің тауар партиясына ілеспе ветеринарлық сертификаттарда мұндай жағдай тіптен жазылмағанын атап өтті. Осыған орай, В.Субботин Кеден одағының нормативтік-құқықтық базасы мұндай өнімділікті қамтамасыз ететін стимуляторларды пайдалануға жол бермейтіндігін баса айтты. Құрамында рактопамин қалдықтары сақталған өнімдер, немесе оның аналогтары кәдеге жаратуға немесе жойылуға жатқызылады. Бұл ретте, оның айтуынша, КО бұл көзқарасын Еуроодақ пен Қытай да қуаттап отыр.

АҚШ-тан ет өнімдерінің жеткізілімі қалыпты режимде жалғаса беруі үшін американ тарапына ветеринарлық сертификатпен ғана шектелмеу ұсынысы жасалды. Кеден одағына әкелінетін еттердің әрбір партиясына зертханалық бақылаудың нәтижелері бойынша құрастырылған, атаулы өнімдерді жасап шығару кезінде өнімділік стимуляторлары қолданылмағаны және де өнімде қалдықтарының анықталмағаны жайлы құжаттар ілесіп келуі қажеттігі ұсынылды.