Жүйеге кіру
Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р. Ақбердин «Сыра қайнату саласын қазіргі заманғы жағдайларда дамыту стратегиясы» конференциясына қатысты

Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р. Ақбердин «Сыра қайнату саласын қазіргі заманғы жағдайларда дамыту стратегиясы» конференциясына қатысты

03.12.2012

30 қараша күні Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин «Сыра қайнату саласын қазіргі заманғы жағдайларда дамыту стратегиясы» халықаралық конференциясында баяндамамен сөз сөйледі.

Конференцияның жұмысына шағын және орта бизнестің өкілдері, сондай-ақ Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ең ірі деген сыра және сыра ішімдіктерін өндіріп шығарушылар қатысты. Өндірушілер, сыра қайнату саласын мемлекеттік реттеудің күшейтілуі және де сыра өндіріп шығару әрі айналымға шығару саласында шектен тыс көп кедергілердің енгізілуі осы саладағы бизнес-климаттың нашарлауына апара жатқандығына назар аударып отыр.

Р. Ақбердин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің ортақ кеден аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі және оның айналымы туралы Келісімнің жобасын әзірлеп жатқандығын хабарлады. Ол құжат халықаралық үздік тәжірибелерді есепке ала отырып, алкоголь нарығын реттеудің бірыңғай ережелері мен қағидаттарын бекітеді. «Келісім Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің аумағында алкоголь өнімдерін өзара жеткізу және алкоголь саласына өзара инвестиция салудағы ұлттық режим қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталатын болады», – деді Департамент директоры.

Р. Ақбердиннің айтуынша, Келісімнің қабылдануы, сыра қайнату саласын реттеудің анықтылығын, болжамдылығын және мақсаттылығын қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. «Бұл аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерінің ортақ нарығын құру үшін жағдайлар туындатады және де мұндай реттеудің тиімділігін жоғарылату үшін алғышарттар құрады, сондай-ақ бизнестің алдында, соның ішінде сыра қайнату саласындағы бизнестің алдында кезігетін шектен тыс әкімшілік кедергілерді жояды», - деп қосты Департамент директоры.