Еуразиялық экономикалық комиссия
(ЕЭК) Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, Комиссияның министрлері мен
департамент директорлары 3 қыркүйекте Мәскеуде Александров бағындағы Белгісіз
солдаттың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
3 қыркүйекте Ресейде Жауынгерлік даңқ күні және
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы атап өтіледі. Бұл күн символдық түрде
соғыс жай-күйінен бейбітшілікке ауысуды, татулық мен ынтымақтастық жолдарын іздеуді
білдіреді.