Жүйеге кіру
БЭК-тегі бәсекелестік: жүйе қалыптастыру

БЭК-тегі бәсекелестік: жүйе қалыптастыру

03.08.2012

Қазіргі таңда ТМД кеңістігінде ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграцияның айтарлықтай тереңірек дәрежесін қарастыратын, бұл процеске Беларусь Республикасы, Қазақстан  Республикасы және Ресей Федерациясы елдерін тартқан  өзара іс-қимылдың жаңа форматы әрекет етеді. Көрсетілген формат қалыптасуы қазіргі таңда аяқталған, толыққанды Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістігін (БЭК) құруды қарастырады. 2011 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық комиссия КО мен БЭК-тің тұрақты әрекет етуші, реттеуші органы болып табылады.  Біздің журналға  Еуразиялық экономикалық комиссиясының Бәсекелестік және монополияға қарсы  реттеу алқа мүшесі (министрі) Нұрлан Алдабергеновпен кездесіп әрі әңгімелесуге аса жақсы мүмкіндіктің сәті түсті.  

Біздің қонағымыз Комиссия мен ұлттық монополияға қарсы органдардың құзыреттерін қалай айыруға болатындығы туралы көпшіліктің басты сұрақтарына жауап береді. 

- Санкт-Петербургтегі (мамыр 2012 ж.) Халықаралық заңдық форумда ынтымақтастықтың оңтайлы режимі үшін негізі деп аталатын Комиссияның бірыңғай құқықтық құжаттарын жасау туралы сөз болды. Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісім нені орнатады?

- Комиссия және КО мен БЭК-ке мүше мемлекеттер үкіметтерінің алдында қазір бәсекелестік қатынастарды реттейтін сондай механизмді құру туралы міндет қойылған, ол бәсекелестікке қарсы тәжірибені тиімді бұлтартпауды қамтамасыз ететін еді, бірлескен елдер арасындағы саудаға жағымсыз әсер көрсетуге және олардың аумағында әділетті бәсекелестіктің жағдайларын бұзуға  қабілетті.

БЭК шеңберінде бәсекелестік қатынастарды реттеу жүйесін анықтайтын негізгі құжат 2010 жылдың 9 желтоқсанында шыққан,  2012 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісім болып табылады. 

Бұл Келісім бірден бірнеше міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге арналған. Оған, ең алдымен, Келісімде бекітілген, келісілген принциптердің негізінде қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамаларын үйлестіру есебінен бірыңғай кедендік аумақтағы бизнесті жүргізу үшін бірыңғай құқықтық алаңды құру жатады, сондай-ақ, ұлттық сияқты, трансшекаралық нарықтарда өзара саудаларға жағымсыз ықпал көрсететін әрекеттерге жол бермеу керек. 

Бұл Келісімді жетілдіруде үш елдің мемлекетаралық және аймақаралық нарығында ұлттық құзыреттер мен  ұлттықтан жоғары бақылаулар шеңберінде бәсекелестік талаптарын қадағалауды өзіне бақылау ете білген Еуропалық Одақтың институционалдық - ұйымдастырушылық үлгісі негізге алынды.

Келісім нормалардың екі тобын құрайды: Келісімдегі қатысушы мемлекеттерде бәсекелестік саясаттың бірыңғай қағидаттарын жүзеге асыру, соның негізінде екі қызметті бірдей атқаратын ұлттық заңнамалардың нормаларын үйлестіру және бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін іске асуы керек.

Бұндай ережелер бір жағынан, монополияға қарсы заңнамалардың үстем жағдайды теріс пайдалану және жосықсыз бәсекелестік, бәсекелестікке қарсы келісімдер сияқты бағыттары бойынша Келісімдегі қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру үшін негіз болып табылады.

Екінші жағынан, Келісімдегі екі немесе одан көп тараптардың трансшекаралық нарықтарында пайда болатын, Келісімдегі қатысушы мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қарым-қатынастарға таратылатын,   бәсекелестіктің бірыңғай ережелері тікелей қолданылатын нормалар болып табылады.

Келісімге сәйкес, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін сақтау үшін бақылау қызметі ЕЭК-ке тапсырылған.

Оны жүзеге асыру үшін комиссия бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін бұзу туралы істі тексеру және қарауды, олардың заң бұзушылығы үшін айыппұл санкцияларын анықтауды, шаруашылық жүргізуші субъектілер шешімдерді орындау үшін міндеттемелерді өзіне алатын өкілеттіліктермен бөліседі.

Келісімде бекітілген мерзімдер мен талаптарға сәйкес бақылау қызметтерін ұлттықтан жоғары органға тапсыру бірқатар реттеуші құжаттарды жетілдіріп болған соң кезеңдер бойынша іске асады. 

Сондай-ақ Келісім монополияға қарсы заңнамаларды бұзғаны үшін тексерулер кезінде Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің монополияға қарсы органдарының айтарлықтай тығыз өзара іс-қимылдарының мүмкіндіктерін қарастырады, оларға құқықтарымен,  соның ішінде, конфиденциалдық ақпараттармен  алмасуға, процессуалдық әрекеттерді іске асыру туралы тапсырма беруге және т.б. мүмкіндік береді. Бұл монополияға қарсы заңнамаларды ұлттық деңгейде қолдану эксаумақтық мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.