Жүйеге кіру
Ұзақ мерзімді төменгі инфляция ЕАЭО елдері тұрғындарының әл-ауқатының өсуіне ықпал етеді

Ұзақ мерзімді төменгі инфляция ЕАЭО елдері тұрғындарының әл-ауқатының өсуіне ықпал етеді

IMG_8583_2.jpg
03.07.2019

«Соңғы жылдары Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде елеулі прогреске қол жеткізді. Орталық және ұлттық банктер айқынсыздықтың өсуі мен шикізаттық тауарлар бағасының ауытқуы нәтижесіндегі трансшекаралық әсерлердің күшеюі жағдайында тұрақтылық саясатын жүргізудің сын-қатерлерінен ойдағыдай өте алды. Одақ елдерінде инфляция қарқынын кемітудің және біртіндеп конвергенциялаудың орнықты үрдісі байқалуда, бұл сайып келгенде халықтың әл-ауқатына оң ықпал етеді»,- деді Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Тоты Қалиасқарова «ЕАЭО елдеріндегі ақша-кредит саясаты: мүмкіндіктер мен үйлестіруді шектеулер» дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінде. Іс-шара Армения Республикасы Орталық банкінің ұйымдастыруымен 27-28 маусымда Дилижанда (Армения) өтті.
ЕЭК өкілі 2018 жылдың қорытындылары бойынша тұтыну бағаларының барынша төмен және барынша жоғары мәндері арасындағы айырмашылық 2016 жылғы 11,7 пайыздық пунктпен салыстырғанда 5,1 пайыздық пунктті құрағанын да атап өтті.
Іс-шараға Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының; Ресей Федерациясының орталық және ұлттық банктерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты. Пікірсайысқа қатысушылар мәселелердің кең ауқымын: айқынсыздық пен сыртқы күйзелістің өсуі жағдайындағы тұрақтандыру саясатын іске асыру тәжірибесін, сондай-ақ инфляциялық таргеттеу режиміне ауысуды, инфляция бойынша мақсаттар белгілеуді, жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына деген сенімділікті арттыруды, коммуникациялық саясатты іске асыруды, үкіметтермен және мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимылды, «ұлы ұстамдылық» жағдайындағы мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының ағымдағы сатысында ақша-кредит саясатын жүргізудің практикалық аспектілерін талқылады.
Макроэкономикалық саясатты үйлестірудің халықаралық тәжірибесіне арналған сессия шеңберінде Комиссия өкілдері халықаралық интеграциялық бірлестіктер мен ЕАЭО-да пайдаланылатын үйлестірудің механизмдері мен құралдары туралы әңгімеледі.Іс-шараға қатысушылар Комиссияның макроэкономикалық саясатты үйлестіруді күшейту саласындағы бастамаларын, сондай-ақ ақша-кредиттік реттеу органдары мен Комиссияның бұдан арғы ынтымақтастығының бағыттарын талқылады. Институционалдық негіздер мен механизмдерді нығайтуға және іске асырылып жатқан рәсімдердің ашықтығын арттыруға байланысты мәселелер бойынша ЕЭК пен мүше мемлекеттер арасында тиімді өзара іс-қимыл түзудің маңыздылығы атап өтілді.
«Ашықтық деңгейі – бұл орталық банктердің тәуелсіздік деңгейінің туындысы»,- деп атап көрсетті Макроэкономикалық саясат департаменті директорының орынбасары Сейилбек Урустемов.
Тұтастай алғанда, тараптар ашықтықты арттыруға, орталық және ұлттық банктер жүргізіп жатқан саясатқа деген сенімділікті нығайтуға, бұрынғысынша жоғары болып қалып отырған инфляциялық болжамдарды азайтуға бағытталған бұдан арғы қадамдарды іске асыру қажеттігіне қатысты консенсусқа келді. Бұл факторлар, соның ішінде әлі де жекелеген елдерде айтарлықтай болып отырған долларландыру деңгейін ойдағыдай азайту үшін маңызды болып табылады.
Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша қатысушылар ЕАЭО шеңберінде келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу механизмдерін жетілдіру жөніндегі қадамдарды айқындады.