Жүйеге кіру
ЕАЭО кәсіпорындары өндіретін хризотилді асбест әлемдік нарықта жоғары бәсекеге қабілетті болып табылады

ЕАЭО кәсіпорындары өндіретін хризотилді асбест әлемдік нарықта жоғары бәсекеге қабілетті болып табылады

03.07.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өнеркәсіптік блогы жекелеген құрылыс материалдары үшін негіз болып табылатын хризотилді асбестке тыйым салу жөніндегі халықаралық үрдістерді ескере отырып, осы минералдың өндірілу көлеміне, экспорттық-импорттық операцияларына және Одақ нарығындағы ішкі тұтынуға талдау жүргізді.
Мысалы, ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны ішінде Одақта барлығы 237,5 млн тонна хризотилді асбест өндірілген. Үшінші елдерге жалпы сомасы 52,1 млн АҚШ доллары болатын 186,3 млн тонна экспортталған. Еуразиялық хризотилдің негізгі импорттаушылары – Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Индонезия, Шри-Ланка, Таиланд, Вьетнам, Украина, Бангладеш және басқалар.
Талдау нәтижелері Одақ кәсіпорындары өндіретін өнімнің әлемдік нарықта жоғары бәсекеге қабілетті болып табылатынын және асбест-цемент құбырлар, шиферлар, басқа да асбест-цемент бұйымдарын әзірлеу үшін пайдаланылатынын айғақтады.
АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) басылымының деректері бойынша, асбестік минералдарды әлемдік тұтыну 2010 жылғы 2 млн тоннадан 2017 жылғы 1 млн тоннаға жетер-жетпес мөлшерге дейін қысқаруына қарамастан, 2019 жыл ішінде асбест-цемент бұйымдары асбест үшін жетекші нарық болып қала береді деп күтілуде.
Комиссия Алқасының «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің хризотилді асбест өндірісі саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы» бұдан бұрын қабылдаған ұсынымы  саланың Одақ моноқалаларында орналасқан жүйе құрушы кәсіпорындарына өз мүдделерін халықаралық нарықтарда қорғап қалуға ғана емес, сонымен бірге Одақта өнеркәсіптік өндіріс көлемін орнықты сақтауға да мүмкіндік береді.
ЕЭК-тің өнеркәсіптік блогы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін құрылыс материалдары өндірісі сияқты осындай басым бағытты дамыту жөнінде тұрақты жүйелі жұмыс жүргізуде.
Толығырақ экспресс-талдаудан оқыңыздар.