Жүйеге кіру
Беларусь КҚ электрондық паспорттарын ресімдеуге кірісті

Беларусь КҚ электрондық паспорттарын ресімдеуге кірісті

03.07.2019

Беларусь Республикасының МАЗ, Юнисон және БелДжи сияқты бірқатар автожасаушылары өз өніміне, соның ішінде Ресей Федерациясына жеткізілетіндерге қатысты көлік құралдарының электрондық паспорттары бар автомобильдер шығаруды бастауға әзір екендіктерін растады. Қазірдің өзінде Беларусьта шығарылған МАЗ, Geely және Zotye маркалы автомобильдерге алғашқы бес электрондық паспорт ресімделді. Сөйтіп, республикада электрондық паспорттармен практикалық жұмыс бастау алды.
Бұдан бұрын Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрлігінің алаңында Беларусь көлік құралдарының электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық бөлігі жұмысын бастау талқыланды. Іс-шараға қатысқан автожасаушылар жүйенің ресейлік бөлігіне белорус өндірісшілерінің қосылуы мен өзара іс-қимыл тұрғысынан қарай келе, Ресей Федерациясында жұмыс істеулі электрондық паспорттар жүйесінің мүмкіндіктерімен де танысты.
2019 жылғы 1 қарашадан бастап өтпелі ережелер аяқталады, соған сәйкес енді Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде айналысқа жаңадан шығарылатын автомобильдерге арнап қағаз паспорт ресімдеуге болмайды.
Биылғы 15 сәуірде ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренконың төрағалығымен әрі Одақ елдерінің жауапты мемлекеттік органдары басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі кеңесте ЕАЭО елдерінде электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық бөліктерінің әзірлігіне тексеру жүргізудің елдік графигі бекітілді.