Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Нурлан Акматов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микурия екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ЕЭК министрі Нурлан Акматов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микурия екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

03.07.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нурлан Акматов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) бас хатшысы Кунио Микурия Брюссельде (Бельгия) кедендік реттеуді жетілдіру, халықаралық стандарттарға және кедендік әкімшілік жүргізудің озық практикасына сәйкес сауда рәсімдерін оңайлату мәселелерін, сондай-ақ кеден саласындағы Еуразиялық интеграцияның перспективаларын қарады.
«ЕЭК пен ДКҰ-ның кеден ісі саласындағы өзара іс-қимылы 2016 жылы қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде дамып келеді және ЕАЭО-дағы кедендік операцияларды үндестіруге әрі сыртқы сауда қатынастарын дамытуға жәрдемдесетін халықаралық ынтымақтастықтың сауда қатынастарын дамытуға жәрдемдесетін халықаралық ,- деп атап көрсетті Нурлан Акматов.
Тараптар ЕЭК пен ДКҰ-ның өзара іс-қимылын Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үндестірілген жүйесіне сәйкес тауарларды сыныптау мәселелері бойынша сарапшылық қорытындылармен алмасу бөлігінде жандандыру мүмкіндігін талқылады. Күн тәртібінің басқа мәселелері ЕЭК-тің кедендік блогы өкілдерінің Киот конвенциясын тұтастай қайта қарау жөніндегі жұмыс тобына, ДКҰ-ның басқа да жұмыс органдарына қатысуы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың Дүниежүзілік кеден ұйымындағы кедендік реттеу құралдарын жетілдіру процесіндегі рөлі мен мәртебесін күшейту туралы болды.
ДКҰ штаб-пәтеріне сапары шеңберінде ЕЭК-тің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Нурлан Акматов ДКҰ органдарының 2018-2019 жылдар ішіндегі жұмыс нәтижелері талқыланған Дүниежүзілік кеден ұйымының Кедендік ынтымақтастық кеңесінің 133/134 отырысына қатысты.
Анықтама
Кедендік ынтымақтастық кеңесі ДКҰ-ның халықаралық кеден қоғамдастығындағы кедендік әкімшілік жүргізуді дамыту перспективаларын айқындайтын негізгі органы болып табылады. Кеңеске кедендік ынтымақтастықтың барлық мәселелерін, кеден жүйелерінің техникалық аспектілерін зерделеу, конвенция жобаларын дайындау, кедендік реттеу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу, Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үкіметаралық ұйымдармен ынтымақтастық функциялары жүктелген. Кеңес отырысы жылына бір рет өткізіледі. Оған ДКҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден органдарының басшылары қатысады.