Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі коронавируспен күрес жөніндегі шұғыл шаралар кешенін мақұлдады

ЕЭК Кеңесі коронавируспен күрес жөніндегі шұғыл шаралар кешенін мақұлдады

03.04.2020

ЕЭК Кеңесінің мүшелері 3 сәуірде болып өткен отырыста Еуразиялық экономикалық комиссияның COVID-19 коронавирустық инфекциясы пандемиясының дамуы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жайындағы жаңа ұсыныстарын қолдады. Еуразиялық үкіметаралық кеңес өкімінің тиісті жобасы мақұлданды.

 

КомиссияшаралардыЕуразиялық экономикалық одақтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау, бұдан арғы экономикалық өсу үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірледі. Бұлар ЕАЭО елдерінің үкіметтеріне коронавирустың таралуын оқшаулау, адамдардың денсаулығын қорғау, бизнес үшін салдарды барынша азайту, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау, қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге және іске асыруға көмектеседі.

 

Тұрақтандыру сипатындағы шұғыл шаралар пакеті инфекцияның таралуын алдын ала ескерту және салдарын барынша азайту бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде Одақтың уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыруды көздейді. Өзара саудада алдымен қажет тауарлар жеткізілімін жедел ұйымдастыру үшін сынамды маңызы бар тауарларды ресімдеу кезінде кедендік рәсімдерді оңайлату жолымен «жасыл дәліз» құру белгіленген.

 

Жүйелік сипаттағы шаралар бұдан арғы экономикалық дамуды қалпына келтіру және қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Олар сауданы цифрландыруды дамытуды, қаржы нарықтары мен төлем жүйелерінің жұмыс істеу тұрақтылығын қамтамасыз етуді, қызметін экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындарды қолдауды, сауда қатынастарын кеңейтуді қамтиды.

 

Еуразиялық үкіметаралық кеңес осы жылғы 10 сәуірде «COVID-19 коронавирустық инфекциясы пандемиясының дамуы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы» өкім жобасын  қарайды.