Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразия экономикалық одақ трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктен қорғауға тиісті сұрақтарды талқылады

ЕЭК Еуразия экономикалық одақ трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктен қорғауға тиісті сұрақтарды талқылады

03.04.2015

3 сәуірде Алматыда Еуразия экономикалық комиссиясы «Еуразия экономикалық одақ трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктен қорғау» атты тақырыбына мәжілісті өткізді. Мәжіліс төңірегінде сенімсіз бәскелестіктің алдын алатын трансшекаралық нарықтарындағы теңдей бәсекелестігін қамтамасыздау, бәсекелестікке қарсы келісімдер және жүзеге асыратын субъектілерінің экономикалық әрекетін бақылау, сонымен қатар алдыңғы қатардағы орын иеленуді шамадан тыс қолдану туралы сұрақтары талқыланды.

Еуразия экономикалық одағындағы трансшекаралық тауарлар нарығындағы бәсекелестік жағдайында интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықты жою қағидаттарына тиісті азық-түлік өнеркәсіп саласындағы бәсекелестік жөніндегі сұрақтарға ерекше назар аударылды.

Іс-шарада ұлттық, монополияға қарсы органдар, экономика, инвестиция және даму, ауыл шаруашылық, ЕЭО мемлекеттер-мүшелерінің әділет министрліктерінің, сонымен қатар, Корея Республикасының мемлекеттік сатып алулар Қызметінің және қоғамдық ұйымдардың, ЕЭО мемлекеттер-мүшелерінің субъектілерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.

Іс-шара төңірегінде «Еуразия экономикалық одақ трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктен қорғау» атты баяндамасымен ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Нұрлан Алдабергенов сөз сөйледі. Ол ЕЭО Келісім-Шартына сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап алдыңғы қатардағы орын иеленуді шамадан тыс қолданатын жағдайын, бәсекелестікке қарсы келісімдерді,сенімсіз бәскелестіктің алдын алатын трансшекаралық нарықтарындағы бақылауды жүзеге асыратын Одақтың ұлтаралық монополияға қарсы органы құрылғандығын атап кетті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жалпы бәсекелестік туралы ережелерді сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыруға арналған ЕЭО қажетті, құқықтық қоры құрылғандығын айтты. Өз сөз сөйлеуінде Нұрлан Алдабергенов қатысушыларды «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңы бойынша ЕЭО мемлекеттер-мүшелерінің заңнамасын үндестіруге тиісті жұмыстарымен, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар аясындағы маңызды тапсырмаларымен таныстырды.

Іс-шара төңірегінде халықаралық бірлестікті дамыту мақсатында ЕЭК және Корея Республикасының мемлекеттік сатып алулар арасында электрондық, мемлекеттік сатып алулар аясындағы өзара әрекеттестік туралы Меморандумды жасасу ниетін білдіретін келісуге қол жеткізілді.

Сонымен қоса, мәжілісте салыстырмалы азық-түлік трансшекаралық нарығындағы келесі сұрақтар қарастырылды: сүт, ет, май, қант, ұн және кондитерлік өнімдері жатады. ЕЭО азық-түлік өнеркәсібіндегі өнімдерді және шикізаттарды өзіндік өндіру жағдайын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Талқылау нәтижесінде қорыта келгенде, келесідей ұсынылды:

- бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзушылығымен байланысты оларды алдын алу және жою мақсатында азық-түлік өнеркәсібінде трансшекаралық нарықтарды талдау;

- ЕЭО мемлекеттер-мүшелерінің жергілікті өнімдерінің бәсекелестікке тиісті артықшылықтарын толық ауқымда қолдану;

- ЕЭО мемлекеттер-мүшелерінің отандық өнірушілерін қолдау;

- ЕЭО мемлекеттер-мүшелерінің шикізаттар және дайын өнімдер нарықтарындағы монополияға қарсы бақылауды күшейту.