Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Михаил Мишустинді туған күнімен құттықтады

Михаил Мясникович Михаил Мишустинді туған күнімен құттықтады

Фото-Мишустин-03_03_2020.JPG
03.03.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинді туған күнімен құттықтады.

            Құттықтау хатта: «Сіздің Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарындағы көп жылдық қызметіңіз - жоғары ұйымдастырушылық шеберліктің, кәсібиліктің, тапсырылған іске деген жауапты қарым -қатынастың үлгісі. Сізде: тәжірибе, күш-жігер, білім, Үкімет пен қоғам алдында тұрған ауқымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді сөзсіз шешуді қамтамасыз ету тілегі, бәрі-бәрі бар», – делінген.

            Михаил Мясникович Ресей Үкіметінің басшысына барша бастамаларында, барлық жоспарын жүзеге асыруы кезінде табысқа жетуін тілей отырып, «Сіздің Еуразиялық интеграция процестерін, Одақ халықтарының достығы мен өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі қолдай беретініңізге сенімдімін», – деп атап көрсетті.​