Жүйеге кіру
ЕЭК өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қадағалаудың тәуекелдік-бағдарлы моделі туралы ұсыным қабылдады

ЕЭК өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қадағалаудың тәуекелдік-бағдарлы моделі туралы ұсыным қабылдады

03.03.2020

ЕЭК Алқасы 3 наурыздағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне арнап адам денсаулығы үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қадағалаудың тәуекелдік-бағдарлы моделін қамтитын ұсыным қабылдады. Құжат осы модельдің практикалық ендірілуін бағамдайды және ЕАЭО-ның кедендік аумағында өнім қауіпсіздігін тәуекелдік-бағдарлы қадағалауды ұйымдастыру алгоритмін қамтиды.

ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың сөзінше, ұсыным ғылыми негіздемесі бар қағидаттар негізінде және адам өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті дәрежеде ғана қолданылатын санитариялық шараларды қолдану саласында келісілген саясатты іске асыру үшін дайындалған.

Ұсынымдар неғұрлым «тәуекелді топтарды» бірыңғай ғылыми-әдістемелік негізде белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл адам денсаулығына аса қауіп төндірмейтін тауарларға қатысты әкімшілік жүктемені азайтып, оларды қадағалауды күшейтуге мүмкіндік береді.​