Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның жеке қорғау құралдарына арналған техрегламенті стандарттарының тізбесі жаңартылды

ЕАЭО-ның жеке қорғау құралдарына арналған техрегламенті стандарттарының тізбесі жаңартылды

Фото Назаренко.JPG
03.03.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы» техрегламент стандарттарының өзектілендірілген тізбесін бекітті. Тізбе Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің 126 мемлекетаралық және 42 ұлттық стандартын қамтиды. Оларды ерікті негізде қолдану техрегламент талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Өнімді сынау әдістеріне арналған стандарттар тізбесі 269 мемлекетаралық стандартты, ЕАЭО мемлекеттерінің 60 ұлттық стандартын, сондай-ақ 93 әдістемені қамтиды. Елдер тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірлегенге дейін ұлттық стандарттарды қолдана алады.

Стандарттар тізбесін Комиссия Одақ елдерінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, стандарттау саласындағы құжаттарды қолдану, жаңарту және жою мониторингі нәтижелері негізінде сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен дайындады. Стандарттарда техрегламентке 2019 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер ескерілген.

Бірқатар стандарттар үшін оларды қолдану күні бойынша өтпелі кезең белгіленген.​